26.03.2019 күні Санкт-Петербург қаласында Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Ресей Федерациясының «№8 педагогикалық колледжі» Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Келісім екі мекеме арасында білім беру кеңістігінде инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, сондай-ақ білім беру мекемесін басқаруды жетілдіру, бірлескен парктикалық сабақтар, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, педагогикалық колледждің «Екпінді Ленинградтың балалары мен мектепке дейінгі қызметкерлері» атты мұражайы мен №19 орта мектебінің «Өмір жолы» мұражайы базасында патриоттық тәрбие беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жасалды.