Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебінде» 2019 жылдың 15 наурызында биология пәні мұғалімдерінің «Биология сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты: Биология сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарымен бөлісіп, педагогтердің кәсіби құзыреттелігінің артуына жағдай жасау.
Семинар биология пәнінің І-санатты мұғалімі Сулекина Н.М. 8 «А» сыныбымен «Адам терісінің рецепторлары» тақырыбында өткізілген ашық сабақпен басталды. Топтық, жұптық жұмыстардың көптеген түрлері жоспарланған және де сабақ барысында тиімді ықпалдастырылған. Пән мұғалімі өз сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың түрлерін көрсете алды. Практикалық жұмыстар жасалып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Келесі сабақта жас маман Абдрахметова Г.А. 9 сыныптармен «Биология әлеміне саяхат» атты зияткерлік сайыс өткізді. Жарыстың кезеңдері жақсы жоспарланып, оқушылардың сыни ойлауына бағытталды. Жалпы сабақтар барысында екі мұғалім де өздерінің жаңашыл мұғалім екендіктерін көрсете білді. Әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, сабақты түрлендіре өткізді. Оқушылар іс – шараға аса белсенділікпен қатысып, қызығушылықтары көрініп тұрды. АКТ мүмкіндіктері де сабақ барысында кеңінен қолданылды.
Семинардың мақсатына сай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған инновациялық түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігі шебер- сыныпта анықталды. Жеке, жұптық және топтық жұмыста «Буктрейлер», «Постер қорғау», «Модельдеу» сияқты әдістер мұғалімдердің қызығушылығын тудырып, қызу талқыға түсті. Кері байланыс жасау кезінде «Қай әдіс тиімдірек?»деген сұраққа әр мұғалім өз ойын айтып, ортақ қорытындыға келді.
Рефлексия кезеңінде қаламыздың 10 мектебінен жиналған биология пән мұғалімдері семинарға қатысып өз ойларын білдірді