Kundelik.kz платформасында орындалған үй жұмысы бар файлды мұғалімге жеке хабарлама арқылы жүктеу
1. Kundelik.kz порталына кіру
2. Сабақ кестесіне өту
3. Сабақ кестесінен пәнді таңдау
4. Сабақ парақшасындағы ақпаратпен танысу.
5. Сабақ парақшасының оң бөлігіндегі мұғалімнің аты-жөнінің үстінен басу.
6. Ашылған терезеде мұғалімнің аты-жөнінің оң жағында «Хат» батырмасын шерту.
7. Мұғалімге хабарлама жазу, үй жұмысы орындалған құжатты жүктеу үшін «Kundelik.kz файлдарды бекіту» батырмасын шерту.
8. Ашылған терезеде «Файлдарды жүктеу» батырмасын басыу.
9. Егер пәнге арналған бума құрылмаған болса, «Жаңа бума» өрісіне пәннің атын жазу. Алайда пәнге арналған бума құрылған болса, пән бумасының үстінен белгілеу. «Обзор» батырмасын басып дайын құжатты таңдау. Құжат таңдалып болған соң, жүктеу батырмасын басу қажет.
10. «Жүктеу» батырмасын басқан соң, «Файлды бекіту» батырмасын басу қажет. Жүктеген файылымыздың жүктелгенін көреміз. «Жіберу» батырмасын басамыз.