Клубтар

«Абай әлеміне саяхат» атты ерікті мектеп клубымыздың оқушыларымен Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыру себебіміз жастардың жүрегінде халқына деген адалдық пен адамгершілік қасиеттерін ұялату. Сонымен қатар ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналады.
Іс-шараға белсене ат салысып жүлделі
1-орынға ие болған Асылбекова Альбина
2-орынға ие болған Оңғарова Лиза
3-орынға ие болған Есмурзаева Динара

13-14 қараша аралығында » Жас Эколог » клубының мүшелерінің арасында «Табиғат- тіршілік аясы» атты сурет көрмесі өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту. Ең үздік суретін анықтау.
«Табиғат-тіршілік аясы» атты сурет көрмесінде
1 орынға 7″А» сынып оқушысы Ережепова Амина
2 орынға 7″Ә» сынып оқушысы Онтек Бауыржан
3 орынға 6″Б» сынып оқушысы Рахатов Руслан иеленді. Қалған оқушылар ынталандыру мадақтамаларына ие болды.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің арасында ұйымдастырылған «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында өткізілген сурет байқауының мәтіндік талдау есебі

Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебінде» «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің арасында «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Өткізілген байқаудың басты мақсаты: оқушыларды адал еңбек етуге баулу, еңбек етуде ешқандай жемқорлыққа жол бермеу, жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастыру. Байқауға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері қатысты.

Тақырыбы: «Менің өлкем»

/Фотоколлаж сайысы/

Мақсаты:

  • Өлке тарихына көңіл бөлу бағалау идеясы болып табылады.
  • Туған өлкенің тарихы, киелі орындары, тұлғалары және ауыл халқының күнделікті өмірі мен табиғаты туралы қызықты мәліметтерді фотоколлаж арқылы суреттей алады;
  • Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Өткізу мерзімі:

Сырттай байқау 2022 жылдың 11-13 қарашада өткізіледі.

Сайысқа қатысушылар:

Сайысқа қатысушы «Ұлттық қазына» клубының мүшелері.

Сайыс ережесі:

  1. Фотоколлаж  тақырыпты толық қамтуы тиіс; (Түрлі жолдармен плакат,визит карточкасын жасау, жарнама түрінде, анимация қолдану,шақыру билетін жасау т.б.оқушылардың фантазияларына қарай шектеу қойылмайды)
  2. Фотоколлаж нақты фактілерге негізделуі қажет.
  3. Фотоколлажды  құрау шеберлігі,  сауатты жасалуы тиіс;
  4. Фотоколлаждың эстетикалық талғамына назар аударылады;
  5. Фотоколлаждың жоғары жағына тақырып жазылуы тиіс;
  6.  Фотоколлаждың төменгі жағына аты-жөні,сыныбы жазылуы керек

Жоғарыда аталған сайыс ережелеріне сай жасалған фотоколлаж іріктеледі, сұрыпталады. Сайыстың қорытындысы шығарылып, сайыскерлер мадақтама қағаздарымен марапатталады.

Ұйымдастыру алқасы

Клуб ататуы

Қарау

Адал ұрпақ
Жас қыран
Жас флорист
Жас эколог
Логика
Математика әлемінде
Оқырмандар
Өлкетану
Пифагор
Ұлттық қазына

Құжаттар