Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің нәтижесі
2022-2023 оқу жылында 11 сыныпта 25 оқушы білім алды. 25 оқушындан 14 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысамыз деп шешті.Оқу жылының басынан бастап арнайы дайындық кестесі құрылып, пән мұғалімдері қосымша сабақтар өткізіп отырды.
Байқау сынақтары қыркүйек айының бастап 17 рет өткізілді. Сонымен бірге жыл басынан бастап оқушылар дайындық курстарынан және жеке репетиторлардан қосымша білім алып жүрді.
Оқушылардың ҰБТ тапсыруға дайындықтарына төмендегі жұмыстар негізге алынды:
- 11 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің санаты мен кәсіби дәрежесін анықтау үшін мұғалімдер туралы толық мәлімет жинау.
- ҰБТ-ға дайындайтын мұғалімдерге әкімшілік тарапынан көмек көрсету.
- Эксперттік кеңес отырыстарын өткізу.
- Практикалық семинарлар ұйымдастыру.
- 11 сынып оқушыларымен мектеп ішінде және ППЕНТ байқау тестілерін өткізу.
- Байқау тестілеудің қорытындысын көрсету үшін мониторингтер жасау.
- ҰБТ-ға дайындық барысын тақырып бойынша педагогикалық кеңесте қарау.
- Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.
- Оқу процесіне арналған дидактикалық материал қорын жасау.
- Оқушылардың ҰБТ тапсыру кезіндегі психологиялық, эмоцианалдық жүйелерін мектеп жантанушысы өткізетін тренинг арқылы жетілдіру.
Оқу жылы | Орташа ұпай |
2017-2018 | 111,8 |
2018-2019 | 105,2 |
2019-2020 | 76 |
Үш жылдық бойынша ҰБТ нәтижелері.динамикасы өткен жылымен салыстырғанда орташа ұпайы 29,2 ұпайға төмендеді.
Оқушылар өз бейімділіктеріне қарай төмендегідей пәндерді таңдады және сол пәндер бойынша өткен жылғы және биылғы жылғы ҰБТ-ның орташа ұпайы мен динамикасы төмендегідей:
№ | Пәндер | 2018-2019о/ж | 2019-20200/ж | Динамика |
1 | Оқу сауаттылығы | 15,8 | 19 | +3,2 |
2 | Қазақстан тарихы | 16,5 | 12,4 | -4,1 |
3 | Математикалық сауаттылық | 16,6 | 11,2 | -5,4 |
Таңдау пәндері: | ||||
4 | Химия | 29.3 | 16.5 | -12,8 |
5 | Биология | 29,8 | 20 | -9,8 |
6 | Ағылышн тілі | 36 | 25 | -11 |
7 | Физика | 19,5 | 10,5 | -9 |
8 | Дүниежүзі тар. | 31 | 12,4 | -18,6 |
9 | АҚҚ | 16 | — | — |
Ұсыныс:
- Жыл басындағы ҰБТ-ға дайындық кестесін, жұмыс жоспарын құру;
- Әр тоқсан сайын эксперттік кеңес отырысын өткізу;
- Бақылау тестілерін түрлендіру,түрлі формаларын пайдалану;
- Пән мұғалімдерінің жұмыстарын жандандыру, біліктілігін көтеру, шығармашылықпен жұмыс істеуді талап ету, педагогикалық жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге ықпал жасау
- Математика, Қазақстан тарихы, химия, биология пәніне көп көңіл аудару, алғашқы білім алу базасын (бастауыш сыныпта) қатаң қадағалау;
- Есеп шығарудың алгоритімін жүйелі түрде оқыту, үйрету;
- Математика пәнінен логикалық есептерге баса назар аудару, әр сабаққа логикалық тапсырмалар дайындап отыру
- ҰБТ нәтижесін тамыз айындағы педагогикалық кеңесте қарау.