ЖЖҚИ мақсаты:
- оқушылардың және жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру және балалалар жол-көлік травматизімін алдын алу мәселесіне қызығатын ведомстволардың, ұйымдардың, қоғамдықтардың назарын аудару.
ЖЖҚИ міндеттері:
- оқушылардың жол қозғалысы Ережелері бойынша білім сапасын жоғарылату;
- — оқушыларға жол қауіпсіздігін сақтау ережелерін насихаттау арқылы ЖЖҚИ жасағының озық тәжірибелерін тарату.
Жолда жүрудің жас инспекторлар тобының
ЕРЕЖЕСІ
Жолда жүрудің жас инспекторлар жасағы- білім алушылардың ерікті бірлестігі. Ол білім алушылардың бойында азаматтылық, жалпы жоғары мәдениеттілік, ұжымшылдық, кәсіби бағдар, төмен және орта жастағы балалар арасында жолдағы қауіпсіздікті насихаттауды ұйымдастыруға кеңінен тарту мақсатында құрылады.
Қозғалыстың жас инспекторлар жасағының негізгі міндеттері:
Білім алушыларды тәрбиелеуде мектепке белсенді әсер ету, білім алушылардың бойында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін үйрену, жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша жұмыс жүргізудің дағдыларын меңгерту және осы жұмыстарды балалар арасында ұйымдастыру.
Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттанушыларға алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету. Қозғалыстың жас инспекторлар жасақтары жалпы білім беру мектебіндегі оқушылардан тұрады. Жалпы білім беру мектебінің Әкімшілігі мұғалімдерден қозғалыстың жас инспекторлар жасағымен жұмыс істейтін ұйымдастырушыны таңдап алады.
Қозғалыстың жас инспекторлары жұмысының негізгі бағыттары:
ЖЖИ жасағының мүшелерінде полицияның батырлық, әскери және еңбек дәстүрлері арқылы өз Отанына берілгендікті тәрбиелеу, құқықтық сана-сезімдерін, адамдаргершілік қарым-қатынас, достық сезімдерін қалыптастыру.
Жолда жүру Ережесін терең меңгеру, балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу әдістерін және жол-көлік оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсету дағыдыларын үйрету.
Мектептегі жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша жұмыстың бұқаралық-түсіндірмелік жұмысын жүргізу. ҚЖИ байқаулары мен слеттарына қатысу, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша мектеп алаңдарының жұмысын ұйымдастыру.
Жолда жүрудің жас инспекторлар жасағының жұмысын ұйымдастыру:
Жолда жүрудің жас инспекторлар жасағының мүшелері болып ЖЖИ жасағының жұмысына белсенді қатысқысы келетін 10 жастан жоғары жастағы балалар бола алады. Жасақ кем дегенде 10 адамнан құрылады.
Жолда жүрудің жас инспекторлар жасағы мүшелігіне қабылдау ауызша өтініш негізінде жүргізіледі.
Жолда жүрудің жас инспекторлар жасағының жұмысына күнделікті басшылықты жасақтың жалпы жиналысында сайланған ҚЖИ штабы жүзеге асырады. Штаб өз құрамынан жасақ командирін сайлайды және бөлімшелердің командирлерін бекітеді. Саны аз жасақтарда тек командир сайланады.
Жолда жүрудің жас инспекторының міндеттері мен құқықтары:
Жолда жүрудің жас инспекторының атағын бағалау, жасақтың жұмысына белсене қатысу. Жасақ командирінің тапсырмасын дер кезінде бұлжытпай орындау.
Жолда жүру Ережесін меңгеру және оны орындауда үлгі болу.
Жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша өз құрдастары мен бастауыш сынып балалары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Балалардың жолда жүру Ережесін бұзуының алдын алу жұмыстарына қатысу, қоғамдық тәртіпті сақтау және нығайту.
Денсаулықты нығайту, спортпен және дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану.
Жолда жүрудің жас инспекторы құқылы:
Жасақтың жұмысына қатысты барлық сұрақтардың талдауына қатысуға.
Жолда жүру қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша көмек пен кеңестер алу үшін жергілікті полиция органдарына және МАИ жүгінуге.
Жолда жүру Ережесін сақтау бойынша мектеп шағын ауданындағы көшелердегі патрульдерге, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс қамтылуын ұйымдастыруға қатысуға.
Жолда жүрудің жас инспекторы жасақтағы белсенді жұмысы үшін марапатталып, қозғалыстың жас инспекторларының аудандық, облыстық, слеттарына қатысуы мүмкін.
Жолда жүрудің жас инспекторлары жасағының қызметі:
Балалардың жол-көлік жарақаты бүгінгі күні ең басты мәселелердің бірі болып
отыр. Балалардың жолдағы қайғылы оқиғаларының қалай алдын алуға болады, жол-көлік жарақатының деңгейін қалай төмендетуге болады? Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстарының әдіс-тәсілдері алуан түрлі, бірақ нәтижелі әдістерінің бірі білім алушыларды жолда жүрудің жас инспекторлары жұмысына тарту болып табылады.
Жолда жүрудің жас инспекторлары жасағы немен шұғылданады?
Ең бірінші мектепте жолда жүру ережесі бойынша: -түсіндірме жұмыстарын жүргізеді; -сайыстар ұйымдастырады;
қабырға газеттерін шығарады;
насихат материалдарын жинайды;
-жарыстар;
-сайыстар;
-викториналар ұйымдастырады;
-білім беру мекемесіндегі оқу-жаттығу алаңдарын орнатады.
-алаңда велосипедші балалармен сабақтар жүргізеді.
Барлығы — жолда жүру қауіпсіздігі сұрақтарын білім алушылар мен жасөспірімдер арасында танымды етуге бағытталған мектепішілік жұмыстар. Жасақтың жұмысының негізгі мақсаты-білім алушылар, мұғалімдер,ата-аналар, қауымдастық арасында мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізу.
Жұмыстың негізгі тәсілінің бірі — сабақтан тыс іс-шаралар. Ол ақпараттық көрнекілік материалдарды шығару, сайыстарды , сыныптар арасында КТК викториналарын ұйымдастыру, бастауыш сынып білім алушылары мен бала-бақшалардың балалары алдында насихат қойылымдарын қою. ҚЖИ жасағы ҚЖИ жасақтар туралы Ережесі негізінде құрылады.
Жолда жүрудің жас инспекторлары жасағы жұмысының мазмұны
Ақпараттық жұмыс:
ЖЖИ жасағының жұмысының нәтижесімен балалар ұйымының кеңесін ақпараттандыру.
«Жолда жүрудің қауіпсіздігін қолдаймыз», «ЖЖИ әрекет үстінде»,
«Жолда жүрудің жас инспекторы» қабырға газеттерін шығару, «Қауіпсіз жол» және басқа ақпарат жұмыстарының сынып бұрыштарын шығару, отряд құжаттарын жүргізу.
Насихат жұмыстары:
Жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбы бойынша түсіндірме жұмысын ұйымдастыру.
әңгімелер, викториналар, экскурсиялар, жарыстар, сайыстар , КТК, тақырыптық ертеңгіліктер, мерекелер, қойылымдар өткізуді ұйымдастыру.
жолда жүру ережесін оқып-үйрену үшін көрнекі насихатты құру мен қолдану әдістемелік базасын құру.
Шефтік қызмет:
-мектеп территориясында алаңдар құруға көмек көрсету.
-жол қауіпсіздігі бойынша оқушылар арасында суреттер сайысын ұйымдастыру.
-әндер мен тақпақтарды жаттау.
— «Жол әліппесі» экскурсиясын өткізуде мұғалімдерге көмек көрсету.
Патрульдік қызмет:
-мөлтек аудандарға қарасты жерлерге үлкендермен бірге рейдке шығып, патрульге шығу.
-балалар арасындағы жол –көлік оқиғаларының алдын-алу.
-қабырға газеттерін шығару.