2018 жылдың 12 — ші қарашасы күні Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебінде» Ленинград блокадасына арналған мұражайдың ашылу салтанаты болып өтті. Аталмыш іс-шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Қанешов Қайсар Сейтқасымовичпен бірге Санк-Петербургтен келген Евдокимова Ирина Анатольевна, Муромец Лариса Витальевна, Карпенкова Александра Ивановна, Леник Дарья Владимировна сияқты қонақтар қатысты. Келген қонақтар экпонаттармен танысып қана қоймай, болашақта бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс жасады.
Мұражай экспозициясы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөліміндеЛенинград шайқасы кезінде қолданылған заттар, жауынгерлардің киімдері, жеке заттары , сонымен қатар оқушылардың Ленинград блокадасына арнап жасаған макеттері, Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған шығармалар мен кітаптардың көрмесі ұйымдастырылса, екінші бөлімінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жасалған көрме. Көрмеде бейнеленген экспонаттар арқылы халқымыздың көне замандардан бері қалған салт-санасын, ескі дәстүрлерін, тарихымызды, ұлттық болмысымызыды қайта жаңғырту жолы көзделген.
Ардагерлеріміз — халқымыздың ынтымақ-бірлігінің ұйытқысы Жаңа ашылған мұажай келесі кезекте С.С. Бексейітов бастаған ардагерлер кеңесі 15-ші қараша күні қарсы алды. Ардагерлер кеңесінің мүшелері мұражай жұмысын әрі қарай жүзеге асыруда қомақты үлес қосуға дайын екендерін атап өтті. Естелік ретінде көрмеге қоятын кітаптарды сыйға тартты.