Педкеңес үдерісі

Педагогикалық кеңес туралы ереже

1. Жалпы бөлім

1.1. Педагогикалық кеңес – бұл мектепті басқарудың педагогикалық алқалы органы.

1.2. Педагогикалық кеңес педагогтардың кәсіби қызметінің барлық мәселелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды.

1.3. Педагогикалық кеңес мектеп басшылығының басқарушылық қызметінің педагогикалық мақсаттылығын қамтамасыз етуге арналған

2. Педкеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері 2.1. Мақсаты – мұғалімдердің мектеп қызметін жетілдіруге және оны жаңа сапалы жағдайға көшіруге бағытталған шығармашылық белсенділігін дамыту.

2.2. Міндеттері: мұғалімдер дайындығының ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру; бүкіл ұжымды оқу-тәрбие үдерісін ары қарай жетілдіруге жұмылдыру; ОТМ ұйымдастыру, айқындау, жалпылау және тарату; алқалы шешім шығару және оны біртұтас ұжымдық қалыптасқан пікір мен мектептің барлық мұғалімдерінің бірлескен іс-қимылының негізінде жүзеге асыру.

3. Педкеңес құрамы және ұйымдастырушылық құрылымы

3.1. Мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері педагогикалық кеңес мүшелері болып табылады.

3.2. Қажет болған жағдайда педагогикалық кеңес отырысына ата-аналар комитетінің төрағасы, оқушылардың өзіндік басқармасы органының өкілі, жекелеген оқушылар, ата-аналар, мектептен тыс ұйым қызметкерлері, базалық кәсіпорын, қоғамдық ұйым өкілдері және т. б. шақыртылуы мүмкін.

3.3. Мектеп директоры педагогикалық кеңес төрағасы болып табылады.

3.4. Бірінші педкеңесте бір оқу жылы мерзіміне хатшы бекітіледі.

3.5. Педкеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды әкімшілік мүшелері немесе арнайы құрылған топ жүзеге асырады.

4. Педкеңес жұмысының мазмұны

4.1. Ұйымдастырушылық-үлестірушілік атқарымы.

4.1.1. Оқушыларды емтиханға жіберу, сыныптан сыныпқа көшіру, қайта оқу курсына қалдыру және оқушылардың мектепті бітіруі, мадақтамалармен, мақтау қағаздарымен марапаттау.

4.1.2. Әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық және мәселелі топтар, ПТМ жетекшілерін, тәлімгерлерді сайлау және т. б.

4.1.3. Педагог кадрларды орналастыру және оларды қолдану дұрыстығын бағалау.

4.1.4. Педагогтарды олардың педагогикалық қызметтерінің нәтижелері бойынша марапаттау жөнінде жоғары тұрған білім беру органдарына жүгіну.

4.1.5. Мектеп басшыларының, әдістемелік бірлестік, шығармашылық және мәселелі топ жетекшілерінің және т. б. педагогикалық және басқарушылық қызмет туралы есептерін тыңдау.

4.2. Әдістемелік атқарымы.

4.2.1. Мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық дайындығын жетілдіру: ғылыми-теоретикалық; әдістемелік; педагогикалық шеберлік тәсілдерін;  ғылыми-зерттеу жұмысы дағдыларын.

4.2.2. Ынтымақтастықтың ізгілікті қағидаттары арқылы педагогикалық қарым-қатынасты құратын оқу-тәрбие үдерісінің педагог-ұйымдастырушысы ретінде мұғалімнің педагогикалық өзіндік санасын қалыптастыру.

4.2.3. Педагогикалық бастамашылық танытуға жайлы жағдай жасау.

4.2.4. Педагогикалық ұжымда мектептің алдында тұрған өзекті педагогикалық мәселелерді шешудің біртұтас, бірақ біртекті емес тәсілін қалыптастыру.

4.2.5. Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және енгізу.

4.3. Талдамалы-диагностикалық атқарымы.

4.3.1. Мектеп дамуының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4.3.2. Мектептің жұмыс тәжірибесінде туындайтын психологиялық-педагогикалық мәселелерді анықтау.

4.3.3. Оқу-тәрбие үдерісіндегі ауытқушылықтардың, оқушылардың теріс қылықтарының себептерін айқындау.

4.3.4. Педагогикалық үдерістің даму болашағын болжау.

4.4. Эксперттік-консультациялық атқарымы.

4.4.1. Мектептің жұмыс режімінің педагогикалық мақсаттылығын, жұмыс аптасы мен оқу сабақтарының ұзақтығын, оқу нысанының қажеттілігі мен түрін және т. б. бағалау.

4.4.2. Педагогикалық эксперименттерді, білім мазмұнының (оқу жоспарларының, бағдарламалардың, оқулықтардың және т. б.) нұсқаларын, оқу-тәрбие үдерісінің нысандарын, әдістерін және жүзеге асыру тәсілдерін талқылау және таңдау.