Қауіпсіз интернет

 

Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебінде 04-12 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық акция өткізілді. Акция мақсаты: кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу.

Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату. Осы акцияға мектебіміздің 1-10 сынып оқушылары қатысты. Акцияға орай бірнеше іс-шаралар жоспарланды.

Атап айтсақ, 4-сәуір күні 1 сынып оқушылары үшін «Интернет деген не?» тақырыбы аясында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға интернет туралы толық мәліметтер берілді. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар сынып сағатқа белсене атсалысып, мұғалім берген тапсырмаларды орындап жағдаяттарға жауап берді.

5-сәуір күні 2 сынып оқушылары үшін «Қауіпсіз Интернет еліне саяхат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз мүмкіншіліктерін түрлі кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындай отырып, интернеттің пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптасты. Берілген сұрақтарға нақты жауап беру жалпы компьютердің адам ағзасына қандай зиян келтіретінін түсінді.

6-сәуір күні 3-сынып жетекшілерінің жетекшілігімен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын анықтау мақсатында «Пайдалы және қауіпсіз интернет» тақырыбы аясында сурет салу байқауы өтті. Оқушылардың барлығы қызығушылықпен, ынтамен атсалысты. Қатысушылар жұмыстары санының көптігіне орай байқаудың шарты бойынша ең жақсы жұмыстар іріктеліп алынып 3 қабатта көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме арқылы атқарып жатқан жұмыстарды оқушыларға көрсетіп, оларды насихаттау болатын.

4 сынып оқушыларына тапсырма «Интернет- менің өмірімде» шығарма жазу болатын Оқушылар жазған шығармаларында интернеттің оларға қаншалықты пайдалы екенін айта отырып, зиянды жақтарын да ашық жазуға тырысқан. Тіпті, интернет адамға қанша пайдалы болғанымен, оған деген кейбір адамдардың тәуелді болып қалатынын да айтқан. Алайда, интернетті адам баласы ойлап тапқандықтан, одан өзін шектей білу керектігін жазып өтті.

8-сәуір күні «Балалық шақтан қауіпсіз интернет қажет» зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл ойынға 5-сынып оқушылары атсалысты. Зияткерлік ойынға әр сыныптан 6 оқушыдан құралған өзара командалар сайысқа түсті. Оқушыларға интернеттің шығу тарихы бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, оқушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған топ яғни 5 «Ә» сыныбы мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Интернет: артықшылықтары мен кемшіліктері» осы ауқымды тақырыпты 6-сынып оқушылары желеу етіп өзара буклеттер жасап сайысқа түсті. Бұл сайыстың мақсаты: Оқушыларға ұялы телефонның зияны мен пайдасын және де ұялы телефонның тарихын, артықшылығы мен кемшіліктерін түсіндіру. Мұны әрбір оқушы

білуі тиіс, сонымен қатар өзінене жасы кішілерге де жеткізу. Жасалынған буклеттер 3 қабатта орналастырылған көрмеге қойылып, оқушылар назарына ұсынылды.

9-сәуір күні 7-сынып оқушылары үшін «Мектеп оқушыларының интернет тәуелділігінің алдын алу» пікірталас (дебат ойындары) өткізілді.

Пікірталас АПФ форматында өтті. Оқушылар интернет желісі туралы өз ойларын ортаға салып бөлісті. Қызықты үдеріс кезінде оқушылар өз ойларын нақты дәлелдей білді. Интернет тек қана өз білімін дамытып, социум ортасына бейімделуге,болашаққа ұмтылу үшін қажет деп қорытындылады. Оның зиянды және жақсы жақтарын ажыратты.

Бұл пікірталастан кейін 8-сынып оқушылары арасында «Интернет және біз» тақырыбында флешмоб сайысы өтті. Сайыс мектебіміздің АКТ залында ұйымдастырылды. Қатысушылар артылған іске жауапкершілікпен қарап жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша 8 «А» сыныбы 1 орынға ие болып марапатталды.

10-сәуір күні «Қауіпсіз Интернет» тақырыбы аясында 9-сынып оқушылары үшін тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Тренинг барысында оқушыларға психологиялық ахуал ғана қалыптастырмай интернеттің мүмкіндігі шексіз екенін түсіндірді.

10-сәуір күні «Желілік этикет» дөңгелек үстелі өтті. Бұл іс-шараға 10-сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында оқушылар әлеуметтік желідегі этикет туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, мұғалім оқушыларға әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпау қажеттігін ескертті. Оқушылар интернет туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.

8-сәуір күні «Интернет орнына кітап» атты мектепшілік акцияның бір бөлігі мектеп кітапханасында да, кітапкафесі ұйымдастырылды. Тақырыпқа сай көрме жасалып, оқырманға арнайы столдар безендірілді. Интернеттің зияны жайлы бейнебаян көрсетілді. Оқырман қауымы бір күн ғаламторсыз кітапхана жұмысына жүгінді. Аталмыш акция мақсаты — оқырманға «кітап – мәңгілік азық» екенін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі пайдалы жағын шынайы түсіну, рухани байлығына жол ашу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.