Ұлттық валютамыздың теңге екені баршамызға белгілі болғанымен, оның айналымға енген күнінен басталған тарихы, сондай – ақ, «Теңге» ұғымының тереңде жатқан тарихын бірі білсе, бірі білмейтіні белгілі. Міне, осы олқылықтың орнын толтыруды алдымен мектеп оқушыларынан бастағанды жөн көрдік. Қарашаның жиырма 28-і күні мектебімізде 4 – сыныпоқушыларының қатысуымен «Теңге – ұлт мақтанышы» атты зияткерлік ойын өтті. Зияткерлік ойын ұлттық валюта тарихы мен бүгініне байланысты тапсырмалармен қамтылды. Зияткерлік ойын 6 кезеңнен тұрды. Олар: 1. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» сұрақ-жауап сайысы
- «Ұлы тұлғаларымыз теңгемізде»
- «Мақал – сөздің мәйегі»
- «Әр елде — өз валютасы»
- Үй тапсырмасы: «Менің қиялымдағы теңгем» (өздері салып келген теңгелерін қорғау)
- «Теңге ұлттық табыстың кілті» (аукцион)
Әр кезең бо йынша оқушылар берген жауабына лайықты ұпайына қарай ақшалар жинап отырды. Сайыс соңында көп ұпай жинаған топ аукционға ұсынылған кітаптар мен тәтті сыйлықтарды сатып алуға мүмкіндік алды. Ойын қорытындысы бойынша 4 «А» сыныбы – 1, 4 «Ә» сыныбы -2 , 4 «Б» сыныбы – 3 ,ғ 4 «В» сыныбы сайысқа белсене қатысқаны үшін мадақтама қағазына ие болды. Зияткерлік ойын қорытындысы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқталды: «Теңге – еліміздің тәуелсіздігінің нақты белгісі. Қазақ теңгесі халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байып өркендеуіне әр уақытта қызмет етсін!»
Сонымен қатар, бастауыш сынып жетекшілері ұлттық валюта күніне арналған тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттарда қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы-теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болды. Өзінің 27 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы- несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізгендігі туралы айтып өтті.Қазіргі кезде айналыста қолданылып жүрген банкноттар жайы сөз болды.Тиын ақшаларды жасаудағы мүсіншілердің еңбегі айтылып, тиындардың да айтулы мәдени мұраларды есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылатынын ашып көрсетті. Өткізілген іс-шаралар өз мақсатына жетті.