29-қараша күні 1 — желтоқсан Бүкілдүниежүзілік ЖҚТБ індетіне қарсы күрес күніне орай мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында флешмоб сайысы өткізілді. Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты: жасөспірімдерді, оқушыларды нашақорлықтан, ішімдіктен, темекі тарту және сол сияқты жаман істен, жат қылықтан өз бойларын аулақ ұстауды түсіндіріп, спортқа деген өмірге деген құштарлығын арттыру. Сайыс өз кезегінде бірнеше кезеңдерді қамтысы. Ол топтың аты, ұраны, эмблемасы және ең бастысы флешмоб биі болуы тиіс. Барлығын қосқанда 9 топ өнер көрсетті. Барлық оқушылар жоғары дайындықпен келді. Әр сынып өздерінің билері мен айрықша белгілерімен әділ-қазы алқасын таңғалдыруға тырысты. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орын: 9 «Б» сынып, 2-орын – 10 «А» сынып, 3-орын – 8 «А» сынып оқушылары жеңіп алды. Жеңімпаздар мадақтама қағазымен марапатталды. Жеңіске жеткен 9 «Б» сынып оқушылары қаламызда ДШиМде өткізілетін «Танцуй ради жизни» акциясына жолдама алды. Осылайша, аталмыш іс-шара өз мақсатына жетті.