Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент аталып өтті. Аталып отқан іс-шараның негізгі мақсаты: Оқушыларға Еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүйюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мектебімізде мерекелік іс-шараға жоспар құрылып, бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.Салтанатты мерекеге оқушылар да мұғалімдер де жан-жақты дайындалып, қызығушылықпен өткізді. Жоспар бойынша төмендегі іс-шаралар өткізілді. Мектеп кітапханасында «Президент — тұрақтылық пен өркендеудің кепілі» мектеп кітапханасының Елбасы туралы кітаптар көрмесі өткізілді. Көрмеде Елбасымыздың кітаптары , суреттері мен жариялаған мақалалары оқырман қауымға ұсынылды. Әр сыныптың оқушылары кітапханаға барып бар ынтасымен кітаптарды оқып, олармен танысты. Мектеп алды даярлық сыныптары арасында «Елбасы мұраты — ел бақыты, гүлденген Қазақстан!», «Ел жүрегі — Астана» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған бұл сайыс оқушылар мен олардың ата-аналары үшін қызығушылықтарын туындатты. Сайысқа әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты. 1-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Менің елім — менің Елбасым» және «Астана-балалар көзімен» альбомдар мен буклеттер сайысы өтті. Сайыстың басты талабы ол тақырыпқа сәйкес суретті буклет жасау. Буклетте Елбасының жетістіктері мен ерең еңбек жолы жазылған. Осы сынды іс-шаралар оқушыларға Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттырады. Бұл іс-шараға барлық 1-сынып оқушылары белсене атсалысты. Қаламыздың «Айгүл» кинотеатрына 2-сынып оқушылары үшін «Елбасы жолы» атты деректі фильм көрсетілді. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары үшін «Дара тұлға, дана тұлға-Елбасы» тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына белсене жауап беріп отырды. Мектеп спорт залында «Елдің қорғаны – жас патриот» спорттық сайыс өткізілді. Бұл сайысқа 4-сынып оқушылары қатысты. Сайыс өз кезегінде бірнеше кезеңдерді қамтыды. Бұл сайыс қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.
5-11 сынып оқушылары үшін жалпы тақырыпта «Ел сенімін ақтаған Елбасы» сынып сағаттары өткізілді.