Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебінде» 12-қаңтар күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Білім лабиринтінде» зияткерлік квест ойыны өткізілді. Бұл іс-шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды мәдениет, шығармашылық білімге бағытталған, өздігінше жетілуге және өздігінше білім алуға тұрақты ұмтылатын тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. «Білім лабиринтінде» зияткерлік квест түрінде өткізілді. Оқушылар өздеріне берілген маршруттық карта бойынша әр кезең тапсырмаларын орындап отырды. Әр кезеңде оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар алынды. Сондай-ақ, тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай қарастырылды. Зияткерлік квестті қорытындылай келе, 2 «А» сыныбы – 1, 2 «Б» сыныбы — 2, 2 «Г» сыныбы – 3 орындарды иеленсе, 2 «Ә», 2 «В» сыныптары белсене атсалысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.