Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсарту аса маңызды міндет болып табылатының тілге тие кетті. Сондықтан, білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебінде 10 тамыз – 20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы жүргізілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған бұл акция «Қауіпсіз балалық шақ!» атты ұранмен өткізілді. Акция аясында мектебімізде бірқатар іс-шаралар аталып өтті. Айта кетсек, мектебіміздің 1 сынып оқушылары үшін «Қауіпсіздік шұғыласы» сурет сайысы өтті. Оқушылар, мектеп пен үй арасындағы жолдарды, ондағы қауіпсіздік белгілерін салып, жол қауіпсіздік ережелері туралы бар ойын салды. Бұл оқушыларға төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі ерекшеліктерін білуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында жүргізілді. Сурет сайысында 1 «Ә» сынып оқушысы Ханхожаев Нурислам жеңіске жетіп, мақтау қағазымен марапатталды. Оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін 2, 4 сынып оқушылары үшін «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» , «Жол тәртібін сақтайық!» тәрбие сағаттары өткізілді. Қаламыздың «Айгүл» кинотеатрында 3 сынып оқушылары үшін «Өмір сүру үшін, танимыз!» атты бейнефильм көрсетілді. Кәмелетке толмаған оқушылардың арасында құқықбұзушылықты алдын алуға қатысты 5-9 сыныптар арасында «Бала құқығы – адам құқығы» атты тақырыбында мектеп инспекторымен кездесу жүргізілді. Кездесу барысында оқушылар белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.
Рудный қаласының Ішкі істер басқармасының полиция сержанты Албатыров Е.Ж пен 7 сынып оқушыларының қатысуымен жол қауіпсіздігін сақтау үшін көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру мақсатында «Біз — қауіпсіз мектеп үшін!» желеумен флешмобтар ұйымдастырылды.
«Балалар қауіпсіздігі біздің міндетіміз» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары мен мектеп инспекторы Тапалов Т.Е. қатысты. Жиналыста балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөнінде айтылды.
Мұндай өткізілген іс-шаралар балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауға өз-өзіне абай болуға үйретеді.