Денсаулық күні

7 қыркүйек – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай,  8-қыркүйек күні   мектебімізде  «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты  денсаулық фестивалі  аталып өтілді. Бұл күні аталмыш шараға  2-11 сынып оқушылары жұмылдырылды.  Өткізілген іс – шараның мақсаты: Оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады. Мерекелік іс-шара мектеп алаңында таңғы 9:00 да басталды. Салтанатты жиын Әнұраннан бастау алып, дене шынықтыру мұғалімі Сапа Жанай  Бауыржанұлының басшылығымен оқушыларға таңғы жаттығу жасатты.  Мектеп директоры Смагулова Г.Г жиналған қауымды денсаулық күнімен құттықтап, ұлттың болашағы дені сау ұрпақта, сондықтан оған ерекше мән беріп, үнемі спортпен шұғылдануға шақырды. Аталмыш шара «Салауатты өмір салтын ұстан!» атты ұранмен өткізілді. Жиында мектебіміздің өнерлі оқушылары әннен шашу шашып, әсем билерімен жиылған қауымды таңдай қақтырды. Жиын аяқталған соң, спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, дене шынықтыру пәні мұғалімі Узбекбаева Ж.Е. ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары арасында «Көңілді мәре» эстафеталық сайыс өтті. Сайыс өте тартысты да, қызықты өтті. Жарыста жақсы нәтиже көрсеткендер 5 «Ә» және 5 «А» сынып оқушылары болды. Сайыс соңында жеңіске жеткен сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды. 6 сынып оқушылар арасында  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Ибраев Р.Б. ұйымдастыруымен «Көңілді мәре» сайысы өткізілді. Сайыс оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бірнеше кезеңдерді қамтыды.  7-11 сынып оқушылары үшін дене шынықтыру оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Спорттық туризм» сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында оқушылар орталық саябаққа барып жорыққа шықты. Жорық барысында спорттық сайыстар ұйымдастыфрылды.  Оқушыларға арқан тарту, жылдамдыққа шатыр құру, секіртпемен уақытқа секіру, көңілді дөңгелектер сыңды  кезеңдерден қамтыды. Сайыс барысында жүйрік деп атанғандар: 1 орын – 9 «Б», 2 орын – 8 «Б», 3 орын 7 «А» сыныптары атанды. «Спорт- денсаулық кепілі» — демекші барлық қатысушылар белсенділік танытып, денсаулық күніне арналған фестивальден оң әсер алып, бойларына күш-қуат жинап, бір серпілгендері анық. Денсаулық күніне өткен іс-шаралар жоспар бойынша өтіп, мектеп оқушылар мен ұстаздар түгел ат салысты. Бұл өткен іс-шараның адам денсаулығына,  көңіл күйіне үлкен әсер етті және эстетикалық тәрбиесіне де зор ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.