22.09.18 уақытында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасын» қайта сайлау салтанатты жиыны өтті. Жиынға 7-9 сыныптар қатысты.
Жалпы оқушы саны – 207. Жиынның негізгі мақсаты мектеп Ұланбасын әділ сайлау болатын. Аталмыш іс – шараның барысы Қ.Р Әнұранын орындаудан басталды.
Мектеп директоры Смагулова Г.Г. сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына ізгі тілек тілеп, Ұланбасылық қызметтің жауапкершілікті талап ететінін,сайлаудың әділ болуын баса айтып өтті.
Мектеп белсенді әншілері ән айтып бір сергітіп алды. 2017-2018 жылдар аралығында Ұланбасы қызметін атқарған Құрманиязова Салтанат өз ізгі тілегімен ақыл-кеңесін бейнебаянарқылы жолдады. Өз кезегін көптен күткен үміткерлер:
8 «Ә» Бердимуратова Сабрина
8 «Б» Буранбаев Сұлтанбек
9 «А» Досбергенова Гульфия
9 «А» Куатова Аселя
8 «А» Молдабаева Алеся
9 «Б» Тухтабай Жәмиля
7 «Ә» Усманова Жулдыз
сөз алып, бірінен ірі жобаларын қорғады. Көрермендер сұрақ қойып, жауап алды.
Сайлау комиссиялары отырып сайлап парақшаларын ұсынды. Сайлауға 207 оқушы қатысты.Сайлау қорытындысы осындай көрсеткіш көрсетті:
- 8 «Ә» Бердимуратова Сабрина-18
- 8 «Б» Буранбаев Сұлтанбек-29
- 9 «А» Досбергенова Гульфия-24
- 9 «А» Куатова Аселя-41
- 8 «А» Молдабаева Алеся-45
- 9 «Б» Тухтабай Жәмиля-35
- 7 «Ә» Усманова Жулдыз-15
2018-2019 жылғы «Ұланбасы» қызметіне Молдабаева Алеся сайлау қорытындысы бойынша жоғарғы балл жинап тағайындалды.