Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың мектептік тасымалдауын ұйымдастырылуына тұрақты түрде жыл сайын мониторинг жүргізетіні бәрімізге анық. Мониторинг нәтижесінде, сұраныс тек жетіспейтін автокөлікте емес, қазіргі танда балаларды тасымалдайтын тозығы жеткен автокөлікті ауыстыруда екендігін атап өткен жөн. Осыған байланысты, балаларды мектепке және кері қарай үйге жеткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет.
Мүдделі мемлекеттік органдардың назарын балалардың білім беру ұйымдарына және кері қарай қауіпсіз тасымалдауын қамтамасыз ету мәселесіне тарту мақсатында Министрлік екінші жыл бойы 2018 жылғы 2 қазан мен 10 қараша аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы!» республикалық акциясын өткізуді бастамашылық етуде. Осыған орай, Рудный қаласы әкімдігің №19 орта мектебінде 2-қазаннан – 10 қараша аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы!» республикалық акциясы өткізілді. Бұл акцияның негізгі мақсаты — балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Акция аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, қаламыздың «Айгүл» кинотеатрында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты тақырыпта 1-сынып оқушыларына арналған танымдық бейнеролик көрсетілімі болды. Мектеп ішінде 2-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік радугасы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар жол қауіпсіздігіне арналған суреттерді салды. Сурет қорытындысы бойынша, 2 «Ә» сынып оқушысы Садуахасов Ернур жеңіске жетті. 3-сынып оқушылары «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында коллаж жасаса, 4-сынып оқушылары «Келеңсіз жағдайлар болмас үшін, ережені оқы тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, белсенділікпен қатысып отырды. Сынып жетекшілерден ұйымдастыруымен «Жол ережесін сақтау, өз қауіпсіздігіңді ойлау» атты тақырыпта сынып сағатын өткізді.
Жол қауіпсіздігін сақтауға, жолдағы келеңсіздіктерге жол беру мақсатында 6-сынып оқушыларымен «Қауіпсіз жол» атты насихат жұмыстары жүргізілді. Оқушылар, Қазанның 50 жылдығы көшесіне шығып, жолаушылар мен жүргіншілерге жол ережесіне байланысты жадынамалар таратты. Жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру мақсатында 7-сынып оқушылары арасында «Біз — қауіпсіз мектеп үшін!» желеумен флешмобтар ұйымдастырылды.
«Жолда жүру ережесін сақта!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 8-сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Жиналыста балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері жөнінде айтылды.
Мұндай өткізілген іс-шаралар балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауға өз-өзіне абай болуға үйретеді.