Мектебімізде 29-қыркүйек күні «1-қазан Қарттар күніне» орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу болатын. Аталмыш іс – шараға мектеп ұжымында қызмет атқарған зейнеткерлер шақырылды. Сонымен қатар, мектебіміздің манайында тұратын қарт зейнеткерлер кешіміздің қадірлі қонақтары болды. Мерекеліс іс-шарада мектеп директоры Смагулова Г.Г. сөз алып, қарттарымызды бүгінгі мерексімен шың жүректен құттықтады. Ұйымдастырылған іс-шарада мектебіміздің талантты оқушылары әннен шашу шашты. Мың бұралған бишілерімізде қалыс қалмай әсем билерімен көрермендерді таңдай қақтырды. Бастауыш сынып оқушылары да, қалыс қалмай тақпақтарын айтып, көрерменді қуантты. Елімізде «Бір ел – бір кітап» атты акция негізінде Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі негізінде 6-сынып оқушылар көрініс көрсетті. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға барлық мектеп болып атсалысып, өз үлесін қосты. «Сыйлықтың ең әдемісі қолдан жасалғаны» демекші, оқушылар өздерінің қолдан жасалған гүлдерін табыстап, ізгі тілектерін жолдады. Көрермендер арасында қажы ана, ұстаз, зейнеткер Майхиева Т.Т. сөз сөйлеп жиналған қауымды құттықтап, мектеп ұжымына өз ризашылығын білдірді. Мерекелік шараға оқушылар белсене атсалысып, жиналған қауымда көтеріңкі көңіл күймен тарады. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарты бардың қазынасы бар» іс – шарасы өз мақсатына жетті.