Мектебімізде 05-қазан күні ұстаздардың төл мерекесімен құттықтауға арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шара таңғы 7:30 — дан мекептің «Жас Ұлан» ұйымы мен оқушылардың ұстаздарды салтанатты түрде құттықтап қарсалуынан басталды. Бұл күні жоғары сынып 9-10-11 сынып оқушылары үшін де ерекше өтті. Өйткені, мектепте «Өзін-өзі басқару күні» деп жарияланған болатын. Ерекшелігі сол – бұл жолы мұғалімдердің орнын оқушылар ауыстырды. 9-10-11 сынып оқушылары директор қызметінен бастап, түрлі пәндерден бөлініп, сабақ берді. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар өзара 12 «Q», 12 «Z», 12 «G» сыныптарға өлініп 11-сынып оқушылары дайындаған арнайы сабақтарға қатысты. «Өзін-өзі басқару күні» негізгі мақсаты оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлеріне әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу болатын. Бұл мереке ерекше уақытта Елбасымыздың Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялауымен тұспа-тұс келді. Мектеп ұстаздары Жолдауды тілкелей онлайн режимда көруге мүмкіндік алды. Бұл іс-шараның соңын ұстаздарға арналған мерекелік концерт жалғады. Концерт барысында мектеп директоры Смагулова Г.Г. сөз алып, мектеп ұжымына ізгі тілгін айтып, ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Аталмыш іс – шараға мектеп оқушылары өте белсінді атсалысты. Мерекелік концертте ән мен би, жырлар мен тақпақтар, көңілді әзілдер мен гимнастикалық қойылымдар қойылып, арнайы құттықтаулар айтылды. Мектеп ұстаздарынан құралған би ұжымы да өнер көрсетіп, келген ата-аналар мен көрермендерді бір қуантты. Іс – шараға мектеп мұғалімдерінің барлығы қатысты. Ең бастысы мереке көңілді өтіп, өз мақсатына жетті.