Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебінде 27-қазан күні Жайдарман ойыны өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бірсаласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту болды. Бұл ойынға 6-9 сынып аралығында командалар топтасып, 4 команда болып өнер көрсетті. Атап айтсақ, 6-сынып оқушыларынан құралған «Миллион» құрамасы, 7-сыныптан құралған «-18», 8-сынып оқушыларынан «Немене», 9-сынып оқушыларынан құралған «Байдың балалары» құрамалары өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, сайыста кеш қонақтары №15 орта мектептен «Чикаго» құрамасы келіп өз өнерлерін көрсетті. Сайыста қатысушылар «Мектеп өмірі» тақырыбы аясында әзілдерін ұсынды. Сайысқа бас редактор Жакиева А.Н. мен Нурахметов А.Қ. болды. Сайыс 4-кезеңнен тұрды. Олар: «Сәлемдесу», «5 жаңалық», «Алфавит», үй тапсырмасы «Көрініс» сайыстары. Әр кезеңге оқушылар тыңғылықты дайындалып, жақсы әзіл мен әсем билерімен көрермендердің қошеметіне ие болды. Сайыстың қорытындысы бойынша, 1-орын — «Миллион», 2-орын – «Байдың балалары», 3-орын – «-18», Көрермен көзайымы номинациясы бойынша – «Немене» құрамалары иеленді. Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясына 6 «Б» сынып оқушысы – Жарылқасын Мақсат, 7 «А» сынып оқушысы – Бухарбаев Бердіжан. Жеңімпаз оқушылар кубок және мақтау қағаздарымен марапатталды.