Мектебімізде әр жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Алтын күз» күзгі балл кеші өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсат: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.Аталмыш іс-шара 8-10 сынып оқушылары үшін 19-қазан, ал 5-7 сынып оқушылары үшін 20-қазан күні өткізілді. Әр сыныптан өздерінің бір жұп күз ханзадалары мен ханшайымдары қатысты. Сайыс 4 кезеңді қамтыды. Олар: «Тегімді менің сұрасаң…» (таныстыру), «Күзгі ханзада мен ханшайымы» (күзгі сән үлгілерін көрсету) , « Өнерлі бала – елдің көркі», «Күзгі вальс» сынды кезеңдерді қамтыды. Жалпы, 8-10 сынып оқушыларынан – 9 жұп, 5-7 сынып оқушыларынан 14 жұп қатысып, өз сыныптарының атынан бақ сынады. Сайыстың бірінші кезеңі бойынша оқушылар жан-жақты ізденіп бейнеролик, ән, презентациялар арқылы таныстырды. Екінші кезеңде әр жұп күзгі сән үлгісін көрсетті. Онда оқушылар қолдан жасалған күзгі қолданбалы сән үлгісін көрсету міндеттелді.
Келесі байқау шарты бойынша өнер көрсету болатын. Бұнда жұптар би билеп, бірі ән салса, енді бірі түрлі гимнастикалық жанрдан қойылым көрсетіп т.б.түрлі өнерлерін ортаға салды. Соңғы шешуші кезең бұл жұптардың күзгі вальс биі болды. Қатысушылардың бәрі өнерлі, бірінен бірі озып көрермендер мен әділ – қазылар алқасын таң қалдырды. «Өнерлі жанды ел мақтайды» демекші бірінен соң бірі шыққан жұптарға қарап олардың бойындағы тұнған өнер көз тойдыра тамсандырғандығын баса айтып өткен жөн.
Іс-шараның қорытындысы бойынша:
8-10 сыныптар арасында «Бас жүлде» — 9 «А» сынып оқушылары – Нурахметов Айбол мен Жақсымуратова Гульфира, 1-орын – 9 «Б» сынып оқушылары Кузенбаева Гульназ және Адилбеков Ернур, 2-орын – 10 «А» сынып оқушылары Уринбаев Назар және Омарова Қазына, 3-орынға ие болған – 8 «А» сынып Молдабаева Алеся мен Нурханов Медель жеңіске жетті.
5-7 сыныптар арасында: «Бас жүлде» — 6 «Б» сынып оқушылары – Жарылқасын Мақсат пен Мейримханова Арайлым, 1-орын – 6 «Ә» сынып оқушылары Темірбай Гулжан мен Ханиев Жасулан, 2-орын – 5 «Б» сынып оқушылары Нурадинов Нургиса мен Токушева Ақбота, 3-орынға ие болған –7 «Ә» сынып Қуанышова Ақерке мен Қуандықов Нурсултан жеңіске жетті.
Өткізілген іс – шара мектеп оқушыларының табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білу сүйіспеншілігін оятуға, бір сынып, бір ұжым болып ұжымшылдығын, шығармашылығын арттыруға айтарлықтай үлес қосқандығын, жаңа өнерпаздардың көрінуіне мүмкіндік туғызғандығын аңғаруға болады.