№19 орта мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған « Біз – өз еліміздің патриотымыз!» атты патриоттық тақырыпта салтанатты жиын өтті. Өткізілген іс-шараның мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Салтанатты жиында еліміздің Әнұраны орындалып, биыл мектеп табалдырығын аттаған оқушыларының шеруінен басталды. Оқушылар дайындап келген тақпақтарын жатқа айтып, әннен шашу шашты. Мерекелік жиында мектеп директоры Г.Г.Смагулова жиналған қауымды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектептің жеткен жетістіктерін, білім сапасының өсуін айта кетті. Сонымен қатар, іс-шараның құрметті қонақтары «Тілдерді оқыту орталығының» басшысы А.Е.Сармантаева және «Рухани жаңғыру» бойынша ҚББ әдіскері Г.Ш.Аккужина құттықтау сөздерін сөйледі. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесіне 1 «Б» сынып оқушысы – Сүйементаева Кәусәр және 11 «А» сынып оқушысы –Тилигенов Саян ие болды. 1-11 сыныптар аралығында «Мен — патриотпын» тақырыбында алғашқы тәрбие сабақтары өткізілді.
Осылайша, Білім күніне арнап ұйымдастырылған іс-шара өз мақсатына жетті.