«Волейбол» жарысы


Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта №19 орта мектебінде «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 13-қазан күні 8-9 сынып аралығында волейбол ойындары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларға дене шынықтыру сабағы мен спортпен айналысуға, салауатты өмір-салтын ұстануға, волейболды дамытуға негізделген. Қатысушылардың ойынға деген ынтасы зор, ал жанкүйерлердің ықыласы ерекше болды. Ойын алғашқы сәттен қызып, әр ойыншы ұпай үшін талпынды, өз жеріне доптың түсуіне жол бермеді. Сайыстың қорытындысы бойынша, 1-орын – 9 «Б»,                   2-орын – 8 «А», 3-орын – 9 «Ә» сыныптары жеңіске жетті. Волейбол жарысында өзін белсенді көрсете білген, шеберлігімен көзге түскен оқушылар «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.  Олар: 8 «А» сынып оқушысы – Хусаинова Гульназ, 9 «Б» сынып оқушысы – Джумабаев Ербол. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.