Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 17-қазан күні Шақшақұлы Жәнібектің 325 жылдығына арналған «Болашақ сарбаздар!» аймақтық әскери-спорттық ойыны өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту болатын. Оқушылардың алғашқы әскери дайындығын шыңдап, әскери-қолданбалы спорт түрлері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болатын. Бұл іс-шараны «Ардагерлер одағы» мен Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» ұйымдастырып өткізді. Облыс көлемінде аталып өткен іс-шарада 8 команда сайысқа түсті. «Болашақ сарбаздар!» әскери-спорттық ойындарының салтанатты ашылу рәсімі қатысушылардың сап түзеуімен басталды. Олардың басқан әр қадамдары арқылы спортты-сайысқа оқушылардың тыңғылықты дайындалғанын көре алдық. Спорттық-сайыс «Сап түзеу», «Окопқа тура түсір», «Біз – жас жауынгерміз», «Барлаушылар», «Әскеи істің пайдасы үшін», «Төтенше жағдайларда алғашқы көмек», «Қыл көпір» сынды кезеңдерден тұрды. Сайыста жас сарбаздар өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің саптағы икемділіктерін, өнерлерін, білімділіктерін, спортқа деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. №19 орта мектебінің намысын 6-7 сынып оқушыларынан құралған «Айбын» тобы қорғады. Оқушылар, спорттық-сайыстың әр кезеңінен сүрінбей өтіп, өздерінің жоғары дайындықтарын көрсете алды. «Айбын» тобының жетекшілері Сармурзина Ж.С. мен Ходжамуратов М.Р. оқушылардың сайысқа тыңғылықты дайындалғанын сөзге тие кетті. Сайыстың қорытындысы бойынша «Айбын» тобы 1 орынға ие болды. Сонымен қатар, «Сап түзеу» номинациясы ие болып, «Үздік капитан» номинациясына 7 «А» сынып оқушысы Асанбаев Абылайхан ие болды. Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын осындай тәрбиелік шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіне ықпалы зор болмақ. Сайыс барысында оқушыларды әскери формада көргенде, тап бір ел қорғаушы сарбаздарды көргендей, олардың саптық икемдігін, жинақылығын көріп ұрпағымыздың ел қорғауға әзір екенін байқап көңіліміз марқайып қалды.