Халықаралық қыздар күніне арналған «Қыз болашағы-ел болашағы» атты республикалық онкүндік аясында өткізілген іс-шаралардан ақпарат
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ «Қыз болашағы-ел болашағы» акциясы аясында «Халықаралық қыздар күні»мерекесіне орай арнайы он күндік іс-шаралар жоспарлары жасалып,өткізілді.
4 – қазанда іс-шара жоспарымен таныстырып, 5-қазанда 9- сынып қыздары үшін «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: қаракөз қазақ қыздарының бойына халықтық тәлім-тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, сондай-ақ ақжаулықты аналарымыздың өнегелі өмір жолын баяндау арқылы ұлттық тәрбиені бойларына сіңіру. Дөңгелек үстел жүргізушісі «Халық қыз бала тәрбиесін 4 ұғым: адал мен арам, обал мен сауап төңірегінде топтастыратынын айта келе, тақырыпты ашатын сұрақтар қойды. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.
7- қазан күні мектепте «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» атты сынып сағаттары өткізілді.
8-қазан күні «Бой түзеу -әуелі ой түзеу» тақырыбында 7-11 сынып қыздары арасында құқық бұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу, мектеп ережесін сақтау туралы ашық әңгіме ұйымдастырылды. Кешке «Салауатты өмір салты» орталығынан маман қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Бейнероликтер көрсетілді.
9-қазан күні 8-11 сынып қыздары арасында «Бұрымды қыз» конкурсы жарияланды. Байқау нәтижесі онлайн дауыс беру арқылы бағаланады. Көп дауыс жинаған қыз бала конкурс жеңімпазы болып саналады. Дауыс беру 13-қазанда тоқтатылып, нәтижесі анықталады.
10- қазанда 5-6 сынып қыздары арасында «Тазалық, тәртіп — басты талап» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
12-қазанда ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 13-қазанда Мектеп сайтына өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар орналастырылса, 14-қазанда «Қыз болашағы-ел болашағы» республикалық онкүндік бойынша жүргізілген іс-шаралар қорытындыланып, ақпарат әзірленді
8-11 сынып қыздары арасында «Бұрымды қыз» конкурсы жарияланды. Байқау нәтижесі онлайн дауыс беру арқылы бағаланады. Көп дауыс жинаған қыз бала конкурс жеңімпазы болып саналады. Дауыс беру 13-қазанда тоқтатылып, нәтижесі анықталады.