Қарттарым-асыл қазынам

Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ 1-қазан Халықаралық Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарым-асыл қазынам» атты  мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Оқушылар бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіруге,  үлкенді сыйлауға,  аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Мерекелік кешке мектеп оқушыларының  ата-әжелері, мөлтек ауданда тұратын зейнеткерлер және  ұжым зейнеткерлері шақырылды.

Жиналған көпшілікті мектеп директоры  Г.Г.Смагулова мерекемен құттықтады. Мектептің кәсіподақ ұйымының  төрайымы  Н.Б.Сандыбаева қонақтарды құттықтап, ұжым зейнеткерлеріне кәсіподақ атынан сыйлықтар табыстады. Кеш оқушылардың әсем әнімен жалғасты. «Әжетай», «Әке», «Ана-әке» әндері, «Театр» үйрмесінің мүшелері дайындаған «Әке қадірі» қойылымы көпшілік көңілінен  шықты. Сонымен қатар, 1-сынып оқушылары ата-әжелеріне өлеңдер арнады.

Кеш соңында «Жасұлан» ұйымы мүшелері қарт ата-әжелерге, қонақтарға өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын тарту етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.