Шәкірттер құттықтайды

4-қазан  күні  «Жас ұлан» ұйымы  және 11-сынып оқушылары ұйымдастырған «Өзін өзі басқару» күні де жақсы деңгейде өтті. оқушылардың ұйымдастыруымен  «Ұстаз-ұлы тұлға»  атты  мерекелік концерт болып өтті.

Мерекелік концерт барысында  «Шәкірттер құттықтайды»  блогында мектеп бітіріп кеткен түлектер әр қаладан бейне құттықтау жолдап, мектеп ұжымына, сүйікті ұстаздарына жүрек жарды лебіздерін білдірді.

Өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсете білген мұғалімдер мектеп әкімшілігі тарапынан  марапаттарға ие болды. Айта кететін болсақ, Дангилова А.Б. қалалық білім бөлімінің мақтау қағазымен, Саналиев Г.Е., Ашуханова А.К., Дадыбаева Ф.Б. қалалық кәсіподақ марапатымен және 11 мұғалім мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар,мектеп сайтында  және «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде мектеп директорының құттықтауы жарияланса, «Рудненский рабочий» газетінде Кәсіподақ төрайымының  атынан мектеп ұжымының мұғалімдер қауымын  құттықтауы жарық көрді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.