Республикалық экосағат акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар

3.10.19 ж. сағ. 9.00

    1.Ашық сынып сағаты

«Табиғатты қорғау-болашақты ойлау»

4 «А» сынып.

     2.Флешмоб

«Бір тал кессең, он тал ек»

Мектеп оқушылары

Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ 3 қазан күні республикалық Экосағат акция аясында сынып сағаттары, танымдық ойындар және «Бір тал кессең, он тал ек» ұранымен флешмоб ұйымдастырылды.
4 «А» сыныбында «Табиғатты қорғау, болашақты ойлау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. «Көбелек», «Құс», «Балық» және «Гүл» атауымен 4 топқа бөліну арқылы өз топтарының атын қорғады. «Табиғатқа зиян келтіретін және пайда келтіретін заттар», «Қайта өңдеуге жарайтын және жарамсыз заттар» тақырыптарында жобаларын ортаға салды. Сабақ «Әке мен бала» қойылымымен қорытындыланды.
«Бір тал кессең, он тал ек» ұранымен өткізілген флешмобта мектептің белсенді және үздік оқушылары мектеп ауласына 23 түп ағаш отырғызды. Экосағатқа Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» ММ әдіскері Г.Ш.Аккужина және «Рудный қалалық қаржы бөлімі» ММ басшысы С.А.Асанов қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.