«Отбасы — бақыт мекені»

Рудный қаласы «№ 19 орта мектебі» КММ

«Отбасы — бақыт мекені» атты аптасы аясында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат.

 

Рудный қаласының №19 орта мектебінде  отбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Отбасы — бақыт мекені» атты апталық 6-14 қыркүйек аралығында өткізілді.

Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Соның негізінде жоспар құрылып бір қатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 1-4 сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан отбасылары өздерінің шапшаңдықтары мен спортқа жақын екендігін көрсетуге тырысты. Жеңімпаз деп танылған отбасылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

5-6 сыныптар үшін  «Отбасыммен бақыттымын» атты фотоконкурс жарияланып, балалар отбасымен түскен жақсы суреттерін мектеп залына орналастырды.  Үздік деп танылған фото иелері мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ал, 7-8 сыныптар арасында «Ата-ананы құрметтеу-борышың» атты сынып  сағаттары өткізіліп, ата – ананы құрметтеу  тақырыбында бейнероликтерді оқушылар қызыға тамашалап, тәрбиелік — мағлұматтар ала алды.

9-10 сыныптар үшін  «Отбасы құндылықтар-жақсы тәрбие бастауы» ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.  Балаға берілетін отбасы тәрбиесі туралы әңгіме қозғалып, ата-аналар өз ойларын плакатқа түсіріп айтуға тырысты.

Сонымен қатар, мектеп психологы ата-аналармен  «Бақытты отбасының құпиялары» тренинг өткізді және ата-аналар психологқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды.

«Жас ұлан» балалар ұйымының ұйымдастырған  «Жүрек сыйла»  акциясында оқушылар ата-аналарға жақсы сөздер жазылған жүрекшелерді сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.