Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебінде» 10-14 қыркүйек арасында «Адал қоғам – жарқын болашақтың кепілі» акциясы аясында түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 5,6,7, сынып аралығында «Шындық акциясы» өткізілді. Акцияның мақсаты: оқушылар арасында адалдық, шындық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыру. Мұндай қасиеттер әр оқушының бойында болуы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге үлкен рол атқарады. Акция аясында оқушылар асханадан өздері түрлі бәліштерді сатып алып, өздері жәшікке төлем жасап, өздері артық ұсақ қайтарым ақшаларын алды. Бұл акция оқушылар үшін өте қызықты өтті.
9-сынып оқушылары қоғамдағы дертке айналған жемқорлыққа қарсылықтарын «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты флешмоб арқылы көрсетті.
Ал, 10-11 сынып оқушылары қоғамдағы індет туралы өз ойлары мен көзқарастарын «Жемқорлық ғасыр індеті» тақырыбына эссе жазу арқылы білдірді.
Сонымен қатар, мектебіміздің жас мұғалімдерінің бастамасымен «Жастар жемқорлыққа қарсы!» эстафетасы ұйымдастырылып, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының ұстаздарына жолдады.
Жалпы аталған акцияға 411 адам қатысты.