Рудный қаласының №19 орта мектепте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 1-11 сыныптар арасында жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты – өрт, жер сілкінісі сияқты жағдайлардан сақтану, зардап шегушілерге көмек көрсетудің қарапайым жолдарын меңгерту.
Соның негізінде жоспар құрылып бір қатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 1-4 сыныптар арасында «Төтенше жағдайлар айналамызда» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік – бұл маңызды» тақырыбында сурет конкурсы ұйымдастырылды. Оқушылар оттан, судан т.б тілсіз жаулардың зияны мен қорғануды суретпен жеткізуге тырысты. Үздік деп танылған суреттердің иелері мақтау қағаздарымен марапатталды.
7-8 сыныптар «Қостанай қаласы әкімдігі бөлімінің №1 мектеп-лицейі» ММ базасында өткізілген «КӘУЗ зақымдану кезіндегі жеке қорғану тәсілдері», 9-11 сыныптар «Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету» тақырыптарында өткен интерактивті сабаққа қатысты. Сонымен қатар, мектепте дабыл қағылып, төтенше жағдайда оқушыларды мектептен эвакуациялау оқу жаттығу сағаты өткізілді.