01.09.19 ж. Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебінде» Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өтті.
Мектеп директоры Смагулова Г.Г. ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жас ұрпақтың алдына қойған мақсаты білімге деген құштарлық, Отанға сүйіспеншілік қазақстандық патриотизммен ұштасып отыруы керек екенін айтып өтті. Жиын қонағы Рудный ҚББ әдіскері Айтпаева А.С. мектептің қала, облыс көлемінде алдыңғы қатарда екенін айтып, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына табыс тіледі. Салтанатты жиын әсем әнмен, бүлдіршіндердің тақпақтарымен жалғасты.
Алғашқы сынып сағаттары «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбымен өткізіліп, 2019 жыл-Жастар жылы, ТМД елдерінде 2019 жыл-Кітап жылы, 2020 жыл- А.Құнанбаевтың 175 жылдығы қамтылды.