2019 ж. 12 сәуір күні Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі»КММ «Кітапхана жұмысында замануи әдіс-тәсілдер мен формалар» тақырыбында қалалық мектеп кітапханашылардың семинары өтті. Мақсаты: замануи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, мектеп кітапханашылары өзара тәжірибе алмасу.
Семинарға қатысушылар «READx» жобасына қатысты, Мектеп кітапханашысы Уразалина Г.Д. «Оқырмандар» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы, «Bookcrossing», «Reading time», «100 кітап» акциясы, «Кітап кафесі», «Оқырман бенефисі», «Мен кез келген жерде және уақытта кітап оқимын» акциясы және т.б. іс-шаралар туралы баяндап берді және мектеп кітапханаларында қолдануға ұсынды. Сонымен қатар семинарға қатысушылар үшін мектеп мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.