7 — қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектепте «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты денсаулық фестивалі аталып өтілді.
Мақсаты: оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады. Аталған іс- шараға мектептің барлық оқушылары жұмылдырылды.
Мерекелік іс-шара мектеп алаңында таңғы 9:00 да басталды. Мектеп директоры Смагулова Г.Г жиналған қауымды денсаулық күнімен құттықтап, ұлттың болашағы дені сау ұрпақта, сондықтан оған ерекше мән беріп, үнемі спортпен шұғылдануға шақырды. Жиында облыс, қала намысын қорғап жүрген мектебіміздің мақтаныштары мадақталып, өнерлі оқушылар әннен шашу шашып, әсем билерін тарту етті.
Жиын соңы спорттық іс-шаралармен жалғасты. Мектептің спорт алаңында 5-6 сыныптар «Көңілді мәре» сайысында өз бақтарын сынаса, 7-8 сынып оқушылары үшін «Жас велосипедшілер» жарысы ұйымдастырылды.
Мектептің спорт залында 9-10-11 сынып оқушылары арасында «Қызықты волейбол» жарысы өтті. Әділқазылардың әділ бағалауы бойынша сайыстарда жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
Іс-шараға мектеп мұғалімдері де белсене ат салысып, «Көңілді мәре» сайысына «Денсаулық» және «Жалын» топтары бақ сынасты.
Денсаулық күнін дайындаған және өткізген мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ходжамуратов М.,Сапа Ж.,Тұрымбетова М., Бекқали М. Жалкенов А., Түркмебаев Н., және сынып жетекшілері. Денсаулық күніне жоспарланған іс-шаралар ойдағыдай өтті.
Бұл өткен іс-шараның адам денсаулығына, көңіл күйіне үлкен әсер етті және эстетикалық тәрбиесіне де зор ықпал етті.