«Әнім сенсің, туған жер!»

7 ақпан күні мектепте  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасының  аясында өнерлі отбасыларымен «Әнім сенсің, туған жер!» атты музыкалық конкурс өткізілді.

Мақсаты:

— әр отбасының туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

-жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;

-өнерлі отбасыларды дәріптеу.   

Конкурсқа 9 отбасы қатынасты. Қатысушылар конкурстың І тапсырмасы бойынша «Менің отбасымның дәстүрі» тақырыбында 3 минуттік бейнероликтерін қорғады.

ІІ тапсырма бойынша «Әнім сенсің, туған жер!» тақырыбында оқушылар  мен ата-аналардың қатысуымен өнер  көрсетті.

Конкурста «Қазақтай ел қайда», «Туған жер», «Туған жер өзің дегенде», «Отаным-қазақ елі»,  « Анаға сағыныш»  т.б әндер орындалды.

Бас жүлдеге «Туған жер» әнін нақышына келтіре орындаған өнерпаз отбасы Жандыллаевтар ие болса, І орынға Рахмановтар отбасы, ІІ орынға Бахтияровтар отбасы, ІІІ орынға Шуйнишбаевтар отбасы лайық деп танылды. Сонымен қатар, «Өнерлі отбасы» номинациясымен  Тулагановтар отбасы,  «Ұйымшыл отбасы» номинациясымен  Тыныштықовтар  отбасы, «Жаңашыл отбасы» номинациясымен  Андагуловтар отбасы, «Патриот отбасы»  номинациясымен  Бүркітбаевтар отбасы, «Өнегелі отбасы» номинациясымен  Назкуловтар отбасы марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.