15 қаңтар-15 ақпан аралығында Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ өрттің алдын алу бойынша бойынша айлық өткізілді.
Мақсаты–өрттен сақтану, зардап шегушілерге көмек көрсетудің қарапайым жолдарын меңгерту.
Соның негізінде жоспар құрылып бір қатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 1-11 сыныптар арасында «От дос және адамның жауы»,«Өрттің пайда болу себептері», «Өрт сөндіруші-ерлік кәсібі» тақырыптарында сынып сағаттары, «Қауіпсіздік –бұл маңызды» сурет байқауы ұйымдастырылды.
Рудный қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқушылармен «Өрт қауіпсіздігі және өртті болдырмау», «Қауіпсіздік сабақтары», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында дәріс, әңгіме өткізді және мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 96 адамға нұсқау берілді.
7-8-сынып оқушылары «Мұз үстіндегі балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысы», «Өрт кезіндегі балалардың әрекеті» тақырыбында интерактивті сабаққа қатысты.
Сонымен қатар, ақпараттық стендте өрттің алдын алу бойынша жадынама орналастырылып, оқушыларға буклеттер таратылды. Мектепте өрт болған жағдайда оқушыларды эвакуациялау жоспары жүргізілді.