14 қазаннан 14 қараша аралығындағы «Құқық бұзушылықтың және зиянды заттардың алдын алу» бойынша өткізілген айлықтың талдауы.
Айлықты өткізу мақсатында ең алдымен 14.10.2019 күні жоспар құру жөнінде бұйрық шығарылды. Соның нәтижесінде біршама іс-шаралар өткізілді. 14.10.19-14.11.19 аралығында 0-11 сыныптар арасында атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушылар үйіне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрмыс-тіршіліктері зеріттелді. 18.10.2019 күні 9-10 сынып арасында «Жастар өмірді мектепте қызықты өткізеді» тақырыбында дебат өткізілді. «Жасөспірім құқықғы және зиянды әдеттер», «Зиянды заттардың және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында» 5,6,7,8 сыныптар сынып сағаттарын өткізді. 4.11-9.11.19 күні 1-4 сыныптар арасында «Зиянды заттардан аулақ болайық» сурет конкурсы өткізілді. 12.11.19 күні Рудный қаласы әкімдігінің ОЮП ОМПС УП орынбасары Нурекин Нұрлан Бейсенбековичтің қатысуымен 6,7,8,9 сынып аралығында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасындағы әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өзерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, 10-11 сынып арасында «Заң және жауапкершілік» атты видеоролик конкурсы ұйымдастырылып мектеп сайтына жүктелінді. Видеоролик үгіт сипатында жүргізілді жастар арасындағы адамгершілік, мейірімділік, оқушылардың заң білімі жөнінде түсірілді.