1 қараша күні № 2 педагогикалық кеңес дәстүрлі емес формада «Табысты мұғалім құпиясы: кәсіби әрекетінің нәтижесінде білім сапасы мен тәрбие жұмысының жетістігі» тақырыбында директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.М. Сулекина коучинг ұйымдастырды. Коучингтің мақсаты — табысты мұғалімнің бойында кездесін қасиеттерді анықтай отырып, тек шынайы жауапкершілікпен жұмыс жасайтын ортаны қалыптастыру . Бүгінгі күні ұстаздар өздерінің кәсібилігін жоғалтпас үшін заман талабына жауап беретін ұрпақ тәрбиелеп өсіру бағытында өздерінің білімдерін толықтырып, біліктіліктерін арттырып, оқу мен оқытуға өзгеріс енгізуді іске асыруда. Әрине, білім беру саласындағы өзгерістердің сапалы болуы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Өйткені, қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаздың қолында. Коучинг барысында барлық мұғалімдер 6 топқа бөлініп шығармашылықпен жұмыс жасады. Табысты мұғалім болудағы кемшіліктер анықталып, оларды шешу жолдары да қарастырылды. Рефлексия кезеңінде мұғалімдер педагогикалық кеңестің осындай форматта өтуі өте тиімді екенін айтып өтті.