Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ әр ай сайын оқушылардың жол ережесі бойынша білімдерін толықтыру, жол көлік апатының алдын алу мақсатында іс-шаралар өткізіліп тұрады. Қыркүйек айында «Назар аудар, балалар!», «Қауіпсіз мектеп» акциялары ұйымдастырылды.
14-24 қазан аралығында «Жолдан абай бол!» қауіпсіз жол акциясы өткізілді.
Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен жолдағы қауіпсіздік ережесі бойынша профилактикалық жұмыстар мен «Жол таңбаларының белгіленуі», «Жаяу жүргінші өтпелері» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар жолдағы қауіпсіздікті жақсарту жұмыстары бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
«Жолда абай бол!» тақырыбында акция өткізіліп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері И.Франко көшесі бойындағы балаларды тоқтатып, жол қауіпсіздігіне байланысты сұрақ қоя отыра сұхбат жүргізіп, жадынамалар таратты. Мұндай шараларды өткізу арқылы балаларды адам өмірін құрметтеуге, оны сақтап, қауіпсіздікке көп мән беруге үйретеді.
Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті. Сол мақсатта мектеп оқушыларының ата-аналарына арналып «Мектеп айнасы» стендіне ЖАДЫНАМА орналастырылды.
Сонымен қатар, мектептегі 1-6 сынып оқушыларынан «Жол қауіпсіздік ережесі», «Жол жүре білеміз бе?» тақырыптарында тест алынды. Тест жүргізудің негізгі мақсаты оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін тексеру. Тест жұмысы уақытында аяқталып, балалар ойдағыдай нәтиже көрсете білді. Қатысушылар білмеген жайттар толықтырылып, сарапталды. Оқушылар арасында өткізілген бұл сауалнама 8- 10 сұрақтардан тұрды.