18 қазан күні мектебімізде «Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинарға «Өрлеу» ПҚ БАИ оқытушысы Нурмаганбетова Акмарал Сакеновна және облысымыздың әр жерінен келген 17 мұғалім қатысты. Жантанушы Дангилова Гульнара Кенесовна сеинарға қатысушылармен тернингтер өткізу арқылы көңіл күйлерін көтеріп, жақсы психологиялық ахуал орнатты. Семинар барысында әлеуметтік педагог Абутолибова Гулжамила Жулдибаевна «Білім берудегі әлеуметтік- психологиялық қызмет жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. «Жастар мектеп өмірін қызықты өткізеді» тақырыбында өткен дебат қонақтардың көңілінен шықты. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтар төңірегінде сөз таластырып, оның шешімін табуға тырысты. Жантанушы Исмагулова Айдана Журсиновна ұйымдастырған «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстелге қалалық әкімдіктен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтай Сардарбеков қатысып, ұсынылған тақырып төңірегінде өз пікірін білдірді. Мектептің ішкі тәртібінің сақшылары «Жас сарбаздар» да өз өнерлерін жоғарғы деңгейде көрсете білді. Аталып өткен барлық іс-шаралар мектептің әлеуметтік жұмысын жандандыруда өз септігін тигізеді. Оқушы мен ата-ана, ата-ана мен мектеп өзара байланысын осы бір іс-шаралардан анық көруге болады.
Барлық семинарға қатысушылар семинардың өте жақсы деңгейде өткенін атап өтіп, алғыстарын білдірді. Семинар соңында сертификаттар таратылып рефлексия жүргізілді.