Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебінде» 26-қаңтар күні 3-4 сынып оқушылары арасында «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: бастауыш сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру. Іс-шараға барлығы 9 қатысушы қатысты. Олар: 3 «А» сынып оқушысы Жандуллаева Айдана, 3 «Ә» сынып оқушылары, 3 «Б» сынып оқушылары, 3 «В» сынып оқушысы Тыныштық Іңкәр, 3 «Г» сынып оқушылары, «Жүйрік» тобы, 4 «А» сынып оқушылары «Жұлдыз» тобы, 4 «Ә» сынып оқушысы Сайран Мерейлі, 4 «Б» сынып оқушысы Рахман Айдана, 4 «В» сынып оқушысы Жарылқасынов Айберген қатысты. Қатысушылар әннен, биден және де актерлік қабілеттерін паш ету мақсатында қойылымдарымен әділ-қазы алқасын өз өнерлерімен тәнті етті. Айта кетсек, 3 «Б» сыныбы «Ұйқыдағы ару» қойылымын сомдап, бар актерлік шеберліктерін көрсетті. Ал, 3 «Г» сынып оқушылары «Жолаушылар» биімен көрермендерді сүйсіндірді. Қатысушылардың бәрі өнерлі, бірінен бірі озып көрермендер мен әділ – қазылар алқасын таң қалдырды. «Өнерлі жанды ел мақтайды» демекші бірінен соң бірі шыққан оқушыларға қарап олардың бойындағы тұнған өнер көз тойдыра тамсандырғандығын баса айтып өткен жөн.
Іс-шараның қорытындысы бойынша:
«Бас жүлде» — 3 «Г» сынып; «1 орын» — 3 «Б» сынып, «2 орын» — 3 «В» сынып, «3 орын» — 4 «А» сынып, «Өнерлі» номинациясы – 3 «А» сынып, «Жас талант» номинациясы – 4 «В» сынып