7 ақпан — Қалалық Прокуратурамен бірлескен “Бақытты балалық шақ” марафонының мектепшілік жоспары аясында 10 «А» сынып оқушыларымен мектеп педагог-психологы Саденова Ақмарал Умбетовна «Жақсы көңіл-күй-жанға қуат» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг оқушылардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өз-өзіне құрметпен қарауға, бір-біріне сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған. Көңіл-күйді көтере білу- үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік берді. Көңіл күй адамның ішкі жан дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы. Ендеше көңіл –күйлеріңіз қалай? Өз көңіл-күйлеріңізді белгілер арқылы білдіріп кетсеңіздер!