8 ақпан — Қалалық Прокуратурамен бірлескен “Бақытты балалық шақ” марафонының мектепшілік жоспары аясында 10-11сынып оқушыларымен қалалық Полиция департаментінің ашық есік күніне барды. Шара барысында оқушылар Рудный қаласының ПБ орналасқан жедел басқару орталығында болып, ондағы бейнекамералар көмегімен ашылатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға куә болып, басқару орталығының жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Рудный қаласының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқушыларға қызметтік көліктерді және патрульдік полиция полкінің тир залында атыс және қорғаныс техника құралдарын көрсетті. Сонымен қатар оқушылар спорт кешенінде болып, жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолдану жаттығуларын көріп қайтты.