15 ақпан – Мектепте жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» тақырыбында Рудный қаласының мұғалімдері үшін қалалық семинар өткізілді. Семинар оқытудың жаңа инновациялық әдістерді енгізу арқылы ой-өрісі дамыған, шығармашыл құзырлы тұлға тәрбиелеу, заманауи цифрлық технологиялар арқылы оқыту тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді. Қатысушылар үшін биология, химия және географиялық сынақтардан тұратын AIR көрмесі, ашық сабақтар өткізілді. «Цифрлық трансформация» атты шебер сыныпта сабақта қолданылатын цифрлық құралдар, кері байланыс үшін онлайн тақталар, презентациялар мен жасанды интеллект жасау платформалары, геймификациялық сервистер көрсетілді. Сондай ақ, «Aqyl battle» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.