Жасөспірімдер арасындағы психотроптық заттардың алдын алу бойынша

Жастардың есірткі және психоактивті заттарды қолдануының әлеуметтік-психологиялық салдары

  Өрлеу үстіндегі Қазақстанның жарқын болашағы қазіргі жастар қолында,  сондықтан ел тірегі болар жастардың толыққанды рухани адамгершілік және ұлттық мәдени дамуын қамтамасыз ету, салауатты өмір  салтын ұстануға баулу, бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту, психикалық саулығын нығайту маңызды міндеттердің қатарында.

Психотропты заттардан жеткіншектер әр түрлі улану қалпына келеді7

Есірткі мен психотропты заттарды қолданудың әлеуметік-психологиялық салдары: есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы; интеллектінің төмендеуі (ойлау, ес, қабылдау, зейін процестерінің бұзылуы); иммунды және жыныстық жүйенің зақымдануы; бүйрек және бауырдың бұзылуы; тыныс алу мүшелерінің зақымдануы; өкпе рагінің және мидың қатерлі ісікке шалдығуы; невроздың пайда болуы; көңіл-күйдің өзгермелілігі, алаңдаушылық; ұйқының бұзылуы;қан,қысымының,көтерілуі; галлюцинациялар,  сандырақтар;   организмге су жетіспеуі, жүрек айнуы, апатия, депрессия; әлеуметтік шеттетілу; өз-өзіне қол жұмсау.

Есірткі немесе психотропты зат қолданған жеткіншек сырт көзбен қарағанда масайған адамға ұқсайды, дегенмен бір ерекшелік – шарап иісінің болмауы. Психоактивті зат қолданған жеткіншек бойында болатын өзгерістер қатары: Сананың  өзгеруі:  таяздануы, жанамалануы,қараюы.

Көңіл-күдің өзгеруі: себепсіз қуану, шаттану, көп сөйлеу, қайғыру, орынсыз агрессивтілік;

Қозғалыс   белсенділігінің   өзгеруі:  жоғары жестикуляция, қозғалыстың тежелуі, тынымсыздық, баяушылық, дем алуға үнемі ұмтылу;

Қозғалыс коррдинациясының бұзылуы: жылдамдығы, баяулығы, жүру кезіндегі өзін-өзі ұстай алмаушылық, жазудың бұзылуы.

Терісінің өзгеруі: денесінің өңінің жоғалуы немесе керісінше қызаруы.

Көзінің өзгеруі: қатты жылтылдауы, қарашығының үлкеюі, жарыққа жауап қайтара алмауы.

Сөйлеуінің бұзылуы: жылдамдығы, анық сөйлей алмауы.

Есірткі әдетте адамның көңіл-күйін күшейте түседі. Қанағаттанбағандық депрессияға, қорқыныш дүрбеленге айналуы мүмкін. Кейде есірткіні адам ағзасы қабылдамай да қояды, ондай жағдайда жүрегі айнып, құсып жіберуі мүмкін.

Тыныштандыратын есірткілер адамды маужыратып, ұйқы шақырады, оның салдарынан оқыс оқиғалар болады. Есірткі – адамның мынадай психикасын өзгертетін құрал: сезім; сана; қоршаған айналаны қабылдау; іс-әрекеті;

Есірткіні қолдану заңмен реттеледі, есірткіні заңсыз қорғау және қолдану қылмыстық жауапкершілікті талап етеді. Жастар арасында кең қолданылатын есірткі түрлері: апиын; гашиш; анаша; экстази.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.