Посмотреть эту публикацию в Instagram

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы «Қауіпсіз балалық шақ!» атты ұранмен өткізілді. Акцияның мақсаты – білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады. Білім ордасында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бейнебақылау орналастырылып, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары үшін «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!», «Жол тәртібін сақтайық!», 8-11 сынып оқушылары үшін «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алын алу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. #қауіпсізмектепортасы

Публикация от Bilimdi-Mektep (@19school_rud)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.