Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар және ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мерекеде кейбір бүлдіршіндер мектеп қабырғасын алғаш аттаса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары,мектеп қабырғасын соңғы жыл аттап отырған 11-сынып оқушылары, осы күйді бірінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Публикация от Bilimdi-Mektep (@19school_rud)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.