«Қамқоршылық кеңес» отырысының хаттамасы

«Қамқоршылық кеңес» отырысының хаттамасы

Хаттаманың тіркеу нөмірі: № 1
Күні: 13.09. 2019 ж
Хаттама шығарылған орын: Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ

Қатысушылар: 9 кеңес мүшесі, 1 мектеп басшысы, 1 әлеуметтік педагог, 1 тәрбие орынбасары (кеңес құрамының тізімі ұсынылады)

Күн тәртібінде:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру (Смагулова Г.Г. мектеп директоры).
  2. Қамқоршылық кеңес жұмысы жөнінде ақпарат (Өтеев М.А. қамқоршылық кеңесінің төрағасы).
    Тыңдағандар:
    1-ші мәселе мектептік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру Смагулова Г. Г. мектеп директоры баяндады. Оқушылардың мектепте болған кездеріндегі ыстық тамақпен қамтылуы, олардың денсаулығын сақтауларына, жақсы оқуларына әсер етеді. Оқушылардың көп уақыттары мектепте өтетіндіктен мектепте жақсы тамақтануды ұйымдастыру, біріншіден, олардың денсаулық деңгейін көтереді. Сол себепті өсіп келе жатқан жеткіншектердің дұрыс тамақтануы ең басты фактор болып саналады. Толық және құнарлы тамақтану әр түрлі аурулардың алдын алады,оқуда жұмыс атқару әрекетін арттырады, физикалық және ойлау қабілетінің дамуына, қазіргі өмірге бейімделуіне ықпалын тигізеді.
    Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. «№19 орта мектебі» КММ-де де жоспарға сай жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. 2018 жылы мектепте оқушыларды тамақтандыру бойынша конкурсты ИП «Ларченко Л.К.» ұтып алып, 2019 жылы қызмет көрсету екі реттен артық емес мерзімге ұзартылғанын, сонымен қатар, бракераждық комиссия асханадағы ас мәзірін және қызмет көрсету сапасын бақылап отыратындығын баяндады.
    Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.
    Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері:
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін азайту.
  4. Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
  5. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
    2-ші мәселе — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша қамқоршылық кеңестің төрағасы – Өтеев Мүтәліп Абдибекович сөз алды. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті оқушылар бойында тәрбиелеу керектігін айтты. Осыған байланасты ҚР 2015-2025 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлығы стратегияларында жасөспірімдермен жұмыс жасау туралы көрсетілген. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық» ҚР Заңның 9 бабында нормалар бар екендігін айтты.

Қаулы:

  1. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары ұйымдастырылсын.
    Жауапты: Ибжар Г.Ж. сынып жетекшілері.
    Мерзімі: жыл бойы.
  2. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жандандырылсын.
    Жауапты: Ибжар Г.Ж., қамқоршылық кеңесінің мүшелелері.
    Мерзімі: жыл бойы. ҚАУЛЫ төмендегі «Қамқоршылық кеңес» мүшелерімен қабылданды

1.Өтеев Мүтәліп Абдибекович –ИП нотариус, кеңес төрағасы
2.Актауова Жанар Турдыевна –ТОО «Арасан» сұрыптаушы, кеңес хатшысы
3.Дуанов Ерназар Жадигерович- жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі

  1. Жузжасарова Пердегүл Куанышовна-«№8 сәбилер бақшасы » КМҚК тәрбиеші, кеңес мүшесі
  2. Муратова Бекзат Мырзабековна- Рудный қаласы әкімдігінің «№11 орта мектебі» КММ , кеңес мүшесі
  3. Нурмаханова Акмарал Ертугановна-«Рудный қалалық аурухана» КМК санитарка, кеңес мүшесі;
    7.Турымбетова Рано Парахатовна—«Рудный қалалық аурухана» КМК медбике, кеңес мүшесі;
  4. Тапалов Талғат Өмірзақұлы- кәмелетке толмағандардың істері бойынша мектеп инспекторы, кеңес мүшесі;
    9.Шахимова Светлана Байназаровна- РЦОССУ №3 санитарка, кеңес мүшесі

Хаттаманың тіркеу нөмірі: № 2
Күні: 24.12. 2019 ж
Хаттама шығарылған орын: «№19 орта мектебі» КММ

Қатысушылар: 9 кеңес мүшесі, 1 мектеп басшысы, 1 әлеуметтік педагог, 1 тәрбие орынбасары (кеңес құрамының тізімі ұсынылады)

КҮН ТӘРТІБІНДЕ
1.Мектепте 2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың есебі;

  1. Кеңес мүшелерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы 08.11.2017 №105 бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы. Қамқоршылық кеңесінің қайта төраға/төрайым сайлау;
    3.Оқу процесі кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектепте тәртіпті
    сақтау мақсатындажүргізілетін біріккен жұмыстар.
    1.ТЫҢДАЛДЫ:
    Смагулова Г.Г. (мектеп директоры)
    2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың есебі сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылының І жж жұмыстарымен таныстырып өтті.
    СӨЗ АЛДЫ:
    Турымбетова Р.П.(кеңес мүшесі) өз сөзінде 2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстарды көріп, қатынасып жүргендігін, 2019-2020 оқу жылында да ауқымды іс-шаралар жүргізіледі деп сенетіндерін айтып өтті.
    ҚАУЛЫ:
    Мектепте 2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстар және 2019-2020 оқу жылының І жж жүргізілген жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.
    2.ТЫҢДАЛДЫ:
    Смагулова Г.Г.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе кеңес мүшелерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы 08.11.2017 №105 бұйрыққа өзгеріс енгізу бойынша «Қамқорлықшық кеңес» мүшелеріне кеңестің төрағасы Өтеев Мүтәліп Абдибековичтің баласының мектеп бітіріп кетуіне және мектеп инспекторы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полициясының аға лейтенанты Тапалов Талғат Өмірзақұлының басқа жұмысқа ауысуып, құрамнан шығуына байланысты басқа мүшелермен толықтырылуы қажет екендігін айтты.
    СӨЗ АЛДЫ:
    Өтеев Мүтәліп Абдибекович- өз сөзінде, қалалық білім бөліміне ақпараттық хат берілгені туралы хабардар ете отырып, отбасылық жағдайына байланысты төрайымдық қызметтен бас тартып, ата-аналар комитеттеріне және кеңес мүшелеріне ақылдасып өз араларында төрайым сайлауға шешім қабылдауды сұрады. Кеңес мүшелікке үміткерлерге сәттілік тілей отырып, жұмыс талаптарымен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы тоқталып, қамқоршылық кеңестің мақсаты: білім беру ұйымына қолдау көрсету,қаржылық қолдауды қамсыздандыруда ,материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу,сондай-ақ ,оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтып өтті. Ұсыныстар бір ауыздан қабылданды. Қарсылық болған жоқ.
    СӨЗ АЛДЫ:
    Муратова Бекзат Мырзабековна өз сөзінде төрайым болуға Турымбетова Рано Парахатовна және мүшесі ретінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі мектеп инспекторы Тугел Ілияс Жұмаділдаұлын, Актауова Марал Турдыевнаны ұсынып, кеңес мүшелері өзара дауыс берді және ата-аналар комиттеттерінің пікірі тыңдалды. Кеңес мүшелері барлығы қол жинап, келісімге келіп, Р.Т.Парахатова төрайым, І.Ж.Тугел және М.Т.Актауованы кеңес мүшесі құрамына тағайындады.

ҚАУЛЫ:
Мектептегі «Қамқоршылық кеңес» құрамына өзгерістер енгізілсін.
Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесін құру туралы 08.11.2017 №105 бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы қалалық білім бөліміне хат жолдансын.
3.ТЫҢДАЛДЫ:
Ибжар Г.Ж.(директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) өз сөзінде оқу процесі кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектепте тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілетін біріккен жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, оқушылардың қысқы демалысы уақытындағы, мұздағы қауіпсіздік шаралары бойынша алдын алу жұмыстарының жүзеге асырылу туралы айтып өтті.
СӨЗ АЛДЫ:
Жузжасарова Р.П. (кеңес мүшесі)-өз сөзінде қазіргі болып жатқан түрлі жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында оқу процесі кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектепте тәртіпті сақтауда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектеп ғимаратында балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынуы керектігін айтты.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Оқу процесі кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілсін. Мектепте тәртіпті сақтау мақсатында іс шаралар жүргізіліп, өту режимі қатаң қадағалансын.

ҚАУЛЫ төмендегі «Қамқоршылық кеңес» мүшелерімен қабылданды

1.Өтеев Мүтәліп Абдибекович –кеңес төрағасы
2.Актауова Жанар Турдыевна –кеңес хатшысы
3.Дуанов Ерназар Жадигерович- кеңес мүшесі

  1. Жузжасарова Пердегүл Куанышовна- кеңес мүшесі
  2. Муратова Бекзат Мырзабековна- кеңес мүшесі
  3. Нурмаханова Акмарал Ертугановнакеңес мүшесі;
    7.Турымбетова Рано Парахатовна- кеңес мүшесі;
  4. Тапалов Талғат Өмірзақұлы- кеңес мүшесі;
    9.Шахимова Светлана Байназаровна- кеңес мүшесі

Хаттаманың тіркеу нөмірі: № 3
Күні: 13.03. 2020 ж
Хаттама шығарылған орын: «№19 орта мектебі» КММ

Қатысушылар: 9 кеңес мүшесі, 1 мектеп басшысы, 1 әлеуметтік педагог, 1 тәрбие орынбасары (кеңес құрамының тізімі ұсынылады)

КҮН ТӘРТІБІНДЕ
1.«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы»ММ және «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық білім беру бөлімі» ММ хатына орай ҚР Білім жіне ғылым министірлігінің хаты бойынша білім алушылар мен педагогтардың санитралық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 3-ші тоқсан бойынша алынатын жиынтық бағалауды уақытынан бұрын өткізу және көктемгі демалысқа мерзімінен бұрын шығарылу

1.ТЫҢДАЛДЫ:
Смагулова Г.Г. (мектеп директоры)
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы»ММ және «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық білім беру бөлімі» ММ хатына орай ҚР Білім жіне ғылым министірлігінің хабарлауы бойынша білім алушылар мен педагогтардың санитралық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 3-ші тоқсан бойынша алынатын жиынтық бағалауды 12 наурызынан бастап алу сонымен қатар, көктемгі демалысты 16 наурыздан басталатынын, демалыстың басталуы мен мерзімі туралы қосымша ақпарат болатынын жазған болатын. Осы жағдайға байланысты айтарым, мектепте жиынтық бағалауларлар алдағы жетіде төмендегі сыныптарда:
5 сыныптарда-ағылшын тілі, қазақстан тарихы;
6 сыныптарда — қазақстан тарихы, жаратылыстану;
7 сыныптарда-алгебра, биология,ағылшын тілі, физика, география;
8 сыныптарда-қазақ тілі, физика, алгебра, қазақстан тарихы, биология, химия, геометрия, дүниежүзі тарихы, қазақ тілі;
9 сыныптар-қазақ тілі, физика, алгебра, қазақстан тарихы, биология, химия, геометрия, дүниежүзі тарихы, қазақ тілі,қоғамтану, орыс әдебиеті;
10 сыныптар-қазақ әдебиеті, алгебра, қазақстан тарихы, биология, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен алыну жоспарланған болатын.
Тоқсанды және бөлімді бағалауды алуда күніне оқушыға түсетін жүктеме 3-4 сабақтан болатынына естен шығармайық.
СӨЙЛЕДІ:
Турымбетова Р.П.- Қамқоршылық кеңестің төрайымы
Әрине елімізде болып жатқан жағдайды түсінеміз. Сонымен қатар, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін 13-14 наурыз күндері тоқсандық бағалауларды ала берсеңіздер. 14 наурыз күні 5-10 сыныптарды І ауысымда 4 сағат, ІІ ауысымда 4 сағат келіп жазуға ата-аналар комитетінің атынан келісеміз.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:
13-14 наурыз күндері тоқсандық бағалаулар мерзімінен бұрын алынсын.
14 наурыз күні 5-10 сыныптарды І ауысымда 4 сағат, ІІ ауысымда 4 сағат келіп жазсын.
16 наурыздан бастап оқушылар көктемгі демалысқа шығарылсын.

ҚАУЛЫ төмендегі «Қамқоршылық кеңес» мүшелерімен қабылданды

  1. Турымбетова Рано Парахатовна –кеңес төрайымы
    2.Актауова Жанар Турдыевна –кеңес хатшысы
    3.Актауова Марал Турдыевна-мүшесі
    4.Дуанов Ерназар Жадигерович- мүшесі
  2. Жузжасарова Пердегүл Куанышовна- мүшесі
  3. Муратова Бекзат Мырзабековна- мүшесі
  4. Нурмаханова Акмарал Ертугановна- мүшесі
  5. Түгел Ілияс Жұмаділдаұлы- мүшесі
    9.Шахимова Светлана Байназаровна- мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.