6 наурыз күні мектепте 8-наурыз мерекесіне орай 8-11 сыныптар арасында «Қыз сыны» байқауы ұйымдастырылды. Ақылы мен көркіне білімі сай 9 қыз қатысқан байқау 3 кезеңнен тұрды. Таныстыру, өнер байқауы және білімі сынға түскен байқауда сүрінбей өткен 10-сынып оқушысы Қуатова А. Бас жүлдені, І орынды 8 «А» сыныптың намысын қорғаған Салиева Ұ., ІІ орынды 8 «В» сынып аруы Аманова Г., және ІІІ орынды иеленген 9 «А» сынып оқушысы Нуртазаева А. байқаудың жұлдыздары болды. Қалған қатысушыларымыз түрлі номинациялармен марапатталды.