14 ақпан күні мектепте Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ерлікке мың алғыс» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге Рудный қаласы ауған соғысы ардагерлері Амантаев Тойлыбай Зұлқайнарұлы, Шалекеев Таймас Оралович, Смирнов Николай Михайлович,Матвиенко Виктор Николаевич, Семякин Олег Владимирович шақырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Ғали Ершетаевич шараға қатысушыларды Ауған соғысының тарихымен таныстырды. Одан әрі шараға қатыушылар сұм соғыста қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Оқушылар қонақтарға көкейлеріндегі сауалдарын қойды.
Тойлыбай Зұлқайнарұлы соғыс және ауған ардагерлерімен жас буынның кездесуі нәтижесінде жастардың бойларында патриоттық сезім тудыратын игі дәстүрге айналдыруға септігін тигізетіндігін, сол себепті мұндай шаралардың жиі өткізілуін құптайтындығын жеткізді. Кеш соңы мектептің Жас сарбаздарының сап түзеуімен ақталды.
Мектеп директоры Г.Г.Смагулова сөз сөйлеп, өз сөзінде ол «біз сұм соғыста өзінің ерлігімен танылып, елге аман оралған ерлерімізге бас иіп, әрқашан құрмет көрсетуді өзімізге міндет, парыз санауымыз қажет. Ардагерлерімізге қыстай қатал денсаулық пен нұрлы болашақ тілейміз! Ешқашан соғыс кесапаты болмасын. Біз әрдайым сіздермен мақтанамыз құрметті ардагерлер!» деген өзінің жылы лебізге толы құттықтауымен бірге қонақтарды алғыс хатпен марапаттады